№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАБІЛЕТТІ БОЛУ ТАБЫСҚА БАСТАЙДЫ

ҚАБІЛЕТТІ БОЛУ ТАБЫСҚА БАСТАЙДЫ

«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек».  Елбасы рухани жаңғыру мақаласында бүгін және болашақта дамыған отыздыққа енудің негізгі алғышартын осылай бағамдап берді. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды ұлықтай отырып, өскелең ұрпақты бәсекеге бейімдеуді жіті тапсырды. Осы бағытта аудан әкімі Ғалым Әміреев жастармен жиі кездесіп, бағыт-бағдар көрсетіп отырады.
Жастарды бұқаралық спортқа кеңінен тарту, ұлттық спорт түрлерін дәріптеу мақсатында аудан жастарының кезекті шарасы «Тау Самалы» тынығу лагерінде өтті. Алдымен, аудан басшысы Шалқия кенті мен Құттықожа және өзге де ауылдық округтерден келген белсенді жастармен еркін сұхбат өткізіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарға тұщымды жауап берді.
 – Елбасы айтқандай ХХІ ғасыр жастардың білімді, әрі бәсекеге қабылетті болуын талап етеді. Әсіресе, ұлттық құнылықтарды дәріптей отырып, кәсіпкерлік саласында дамудың тетігін тапқан ұлт қана бәсекелестік ортаның Жуырда жастарға арналған «Zhasprojekt» жобасы аймаққа да келді. Қорытындысы бойынша Жаңақорған жастарының жобасы аудандар арасында көш бастады. Бұл да аудан жастарының Осы жұмысты жүйелендіру керек. Ал, ұлттық ойындарға келсек, бұл жағынан біздің аудан өзгелерге өнеге бола алады, – деді аудан әкімі. Расында, жаңақорғандық саңлақтар ұлттық спорт, әсіресе ат спортынан облыста оқ бойы озық тұр. Көкпар мен теңге ілуден Сыр абыройын асқақтатып жүрген біздің ауданның білектілері. Одан бөлек тоғызқұмалақтан жас спортшылардың аяқ алысы жаман емес. Біз бұл жетістікпен әрқашан мақтана аламыз. Ендігі меже кәсіпкерлік бағытында да табысты болу жолы тұр.
Кездесу барысында қатысушылар ойларын ортаға салып, алдағы жоспарлармен бөлісті. «Zhasprojekt» жобасына қатысып, қайтарымсыз грантты жеңіп алған жастың бірі Жеңіс Бексейіт ауданда кенде қалған кәсіппен айналысуды жөн көріпті. Жобаның атауы «Радиоэлектроника, тұрмыстық техника жөндеу орталығы» деп аталады.
– Бұл жоба бүгінгі күні нарыққа ауадай қажет. Себебі, күнделікті тұрмыста қолданылатын техниканың тілін түсіну қиын. Сондықтан, ауылдағы жастардың басын біріктіріп, осындай жобаны ұсынып көрген болатынбыз. Жоба мақұлданып, жақын арада қызметке кірісетін боламыз. Ең бастысы, қолдау бар, енді тек сапалы қызмет көрсету міндеті тұр, – деді жас кәсіпкер. Айта кетейік, жоба аясында 100-ден аса жастар облыс орталығына өтінім берген, соның 69-ы қолдау тауып, 1 млн. теңгеге қол жеткізетін болады.
Келелі бас қосу барысында жастар жағынан ұсыныстар легі тарқатылды. Тақырып спортқа қатысты болғаннан кейін Аққорған ауылдық округінде бой көтерген спорттық кешеннің құрметіне аудан әкімінің жарысын ұйымдастырылса деген тілегін жеткізді. Аяқ допқа әуес жастар шағын футболдан турнирдің өткенін қалайды. Кездесу соңына қарай ұлттық ойындардан кішігірім жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды. Алдымен, асық ату ойынын тамашалаған Ғалым Махмұтбайұлы арқан тартыс, қол күрес, тоғызқұмалақ және шахматтан өткен ойындарды көріп, алдағы уақытта жиі жарыстар ұйымдастыру керектігін айтты.
Түйіндей айтқанда, жастар келешектің кілті, оларға дұрыс бағдар көрсетіп, бәсекелестік ортаға бейімдеу заман талабы. Осы үдерісті тиянақты іске асыра білген ұлт ғана ұтады.
Әлібек ТЕМІРБЕК.
01 тамыз 2018 ж. 1 014 0