№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

 Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ат­ты мақаласы қоғамда қызу қолдау тауып, нәти­желі жемісін беруде. Мемлекет басшысының мақаласында заман талабына сай көне мен бүгінгіні қисынды ұштастыра отырып, еліміздің рухани кодқа сүйену қажеттігін ұтымды айтқан. Біз осыны жақында білімпаздармен бірге талқылап, ортақ пікір алмастық.
    Елбасының елдің бүгіні мен болашағы туралы ойы, Отанға, елге, ұлттық құн­дылықтарға деген сүйіспеншілігі бізді бейжай қалдырмады, осындай асыл қасиет әрбір студенттің де бойынан табылса деген көзқарас оянды. Ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту және білімділікке ұмтылуды Президент мақаласы жан-жақты қозғап, қазіргі уақыттағы ұлттық сана, таяу жылдардағы міндеттерге қатысты бірқатар мәселе айтылған. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекеге қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, солар арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында» делінген тұсы елжандылықпен қатар елдің кемел келешегіне қызмет ету жауапкершілігін жүктейді. Осыған байланысты әрбір білім алып жатқан азамат үш тілді меңгеріп қана қоймай, бәсекеге қабілетті, іскер болу керек.
«Прагматизм – өзіңнің ұлттық және же­ке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жос­парлай алу, ысырапшылдық пен астам­шылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз» деуі де Елбасының жастарға үлкен бағдар бергені деп білеміз. Студенттерге қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес, керісінше, ұстамдылық,қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді деп түсіндірдім. «Ұлттық бірегейлік сақтау біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақ­талмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген». Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз. Кез келген білімді жас өмір талабына сай мамандықты өзгертіп, нарықтық экономикаға бейімделу керек. Ең бастысы, болашақтың капиталы білім екендігін түсініп, үнемі ізденіс пен нәтижеге қол жеткізу жағынан жетілдіру уақыт талабы екенін ұққан жөн.
   Білім әр адамның рухани азығы. Жайлы өмір сүру үшін саналық тұрғыдан өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала беретіндігі анық, сол үшін біз үнемі жетіліп, ізденіп, дамып отыруымыз қажет-ақ. Қазіргі кездегі латын әліпбиіне көшу ұсынысы да орынды, бұл биологтар үшін аса қиындық тудырмайды, себебі салалық терминдердің көпшілігі латыннан аударылған және біз арнайы курста оқып танысқанбыз. Сонымен қоса, ағылшын тілін меңгеру арқылы әлемнің кез келген жерінде отырып, ғылым мен білімнің көкжиегіне шыға алады деген сөз.


Ж.Ж. ЧУНЕТОВА,
Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың Биология және биотехнология факультетінің доценті, биология ғылымының кандидаты.
Н.А. АЛТЫБАЕВА, биология ғылымының кандидаты.
31 қазан 2018 ж. 1 408 0