COVID-2019: жаһандағы ахуал қалай?
Әлем бойынша коронавирусқа шалдыққан адамдар саны 52 миллионнан асты. Көш басында АҚШ тұр. Алпауыт елдің 10 миллионнан аса азаматы вирустың залалын тартты. Үндістанда 8 миллионнан, Бразилияда 5 миллионнан аса адам вирусты жұқтырды. Одан кейін Еуропаның алпауыттары Англия, Ресей, Италия, Франция және Испанияда эпидемиологиялық ахуал күрделене түсті.
Дерек көздеріне қарағанда, Еуропа қайтадан пандемияның эпицентріне айналуда. Бұл құрлықта қауіпті дерттің расталған 12,6 миллион жағдайы тіркелген. Оның 305 мыңнан астамы өліммен аяқталды. Ресейде, оның ішінде, Мәскеуде қарантин күшейтілді. Өйткені коронавирус жұқтырғандар саны артуда. Ал Италияда соңғы бір тәулікте 11 мыңнан астам адам инфекция жұқтырған. Испания, Германия мен Францияда да эпидемиологиялық ахуал мәз емес. Еуропа аумағы бойынша қауіпті кеселден көз жұмғандардың қатары 250 мыңға жетсе, індеттің ілмегіне іліккендердің саны да күн санап артып барады. Италияда соңғы тәулікте шамамен 11 мыңнан астам адамға коронавирус диагнозы қойылған. Сарапшылардың сөзінше, Италияның 16 облысы мен 2 автономды провинциясында вирустың тарау көрсеткіші 1,1-ге тең болған. Сондықтан шаһар басшылары өз өңірінде қатаң шектеу шараларын күшейте бастады. Тіпті медицинасы қарқынды дамыған Германияның өзінде 8 мың тұрғын індетке шалдыққан. Жағдайдың ушығуына байланысты жергілікті билік шектеу шараларын күшейтуде. Ал, Иранда бір тәулікте 462 адам көз жұмған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше бұл – елде індет таралғаннан бергі ең жоғары өлім көрсеткіші.
Жер жаһанның қай елін алып қарасаңыз да жағдай мәз емес. Енді Қазақстанның жағдайына оралсақ, 120 мыңға жуық вирусты жұқтырды. Бір тәулікте 638 адамнан вирус анықталды. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 15 мыңнан аса адам вирусты жұқтырып, оның 14428 жазылды, ал 319-ы өлді. Соңғы бір тәулікте 51-адамнан вирус анықталды. Coronavirus2020.kz мәліметі бойынша, Алматы қаласы – 15089 (+39), Шымкент қаласы – 5282 (+4), Ақмола облысы – 4180 (+37), Ақтөбе облысы – 3395 (+10), Алматы облысы – 5301 (+16), Атырау облысы – 11397 (+12), Шығыс Қазақстан облысы – 13024 (+261), Жамбыл облысы – 4243 (+7), Батыс Қазақстан облысы – 7382 (+30), Қарағанды облысы –10770 (+17), Қостанай облысы – 4159 (+53), Қызылорда облысы – 3266 (+2), Маңғыстау облысы – 3414 (+3), Павлодар облысы – 4885 (+49), Солтүстік Қазақстан облысы – 4884 (+43), Түркістан облысы – 3434 (+4) адамнан вирус анықталды.
Аудандағы ахуалды білу үшін мамандардың пікірін білген едік. Аудандық аурухананың бас дәрігердің БМСК бойынша орынбасары Ақмарал Арысбаева: «Бізде індет басталғалы 406 адам тіркелді. Оның 399 адам сауығып, үшеуі емін жалғастыруда. Қазірдің өзінде алты адам бақылауға алынды. Олар үй жағдайында бақылауда. Өйткені, симптомсыз түріне шалдыққан. Біз оларды бейнебақылау арқылы тексеріп отырамыз. Бізде анализ тапсыру тегін, мобильдік топ жұмыс жасауда. Егер науқас ауырып жедел жәрдем шақырса немесе қабылдау бөліміне келсе, дереу фильтр арқылы анализ аламыз. Екі қабат әйелдер мен ауруханаға жатқызылатын науқастар ақысыз тапсырады. Екінші ықтимал толқынға дайындық жүріп жатыр. Екі айға жететін қор бар. Жұмыс жүргізіліп жатыр», – деді.
Сондай-ақ денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясовтың мәлімдеуінше коронавирустың таралуы бойынша ШҚО, БҚО, Павлодар және Қостанай облысы қызыл аймаққа, Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы сары аймаққа, ал қалған қалалар мен облыстар жасыл аймаққа енді.
«Жаңақорған аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Шынар Айдарова: «Ауданымызда жағдай тұрақты. Тек пойызда науқастар анықталып, автопереходтан өткендерді бақылауға алып жатырмыз. Вахталық режиммен жұмыс жасайтын азаматтар жұмыс берушінің есебінен тексерілуде. Әлемдегі және еліміздегі жағдайға байланысты шектеу шаралары қойылды. Сол бойынша жұмыс жасаудамыз. Қоғамдық тамақтандыру обьектілері мен қоғамдық монша, сұлулық салондары 9.00-22.00 аралығында жұмыс жасауға рұқсат берілген. Ең өкініштісі, бізде той-жиындар әлі тыйылмай жатыр. Аудан әкімдігі жанынан құрылған үш мобильді топ бар. Олар аудандық полиция бөлімінің мамандарымен бірлесіп, күнде рейдке шығып, қадағалап отыр. Қазіргі таңда 88 жауапты тұлғаға әкімшілік шара көрді. Аудан тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармай, сақтық шараларын сақтауға шақырамын», – деді.