№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлемді әбігерге салды

Әлемді әбігерге салды

«Ауласы бірдің ауасы бір» демекші, Қытаймен шекарамыз түйіскен. Аз емес. Екі ел арасындағы шекара 1782 шақырымға созылған. Бұл – Қытайдағы жағдай жанама болса да бізге әсер етеді деген сөз. Демек ондағы эпидемиологиялық ахуал Қазақстанды да айналып өтпейтіні анық. Бұған дейін тұмауды құстан бір, шошқадан бір жұқтырды. Енді жаһанды жайлаған жұмбақ індет – коронавирус пайда болды. Тәжтажал деген атау алған вирус әлемге жылдам тарауда. Біз осы жөнінде аз-кем тоқтала кетсек.

Ғалымдар мен дәрігерлердің болжамы бойынша алдағы бір-екі айда індет қаупі төмендемейді. Ал Қазақстаннның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, сәуірдің ортасында елімізде коро¬новирусқа шалдыққан адамдар саны азаяды. Жақсылықтан үмітті үзбейік ендеше.
Дерек көздері бойынша, 25 наурызда әлем бойынша COVID-19 пандемиясын жұқтырғандардың саны 424 мыңнан асты. Осы індеттен 19 мыңға жуық адам қайтыс болса, 109,1 мың науқас айықты.
Әзірше COVID-19 вирусына шалдық¬қандардың саны бойынша Қытай көш бастап тұр. Науқастарының саны 80 мыңнан асады. Одан кейін Италия 69 176, АҚШ-та – 55 25, Испанияда – 42 058, Германияда – 32 991 Иранда – 24 811, Францияда – 22 635 адам вирустың зардабын тартуда. Ал адам өлімі жөнінен Италия көш басында. Цифрды сөйлетсек, Италияда – 6 820, Қытайда – 3 163, Испанияда – 2 991, Иранда – 1 934, Францияда – 1 100, АҚШ-та – 784, Англияда – 422 адам бақилық болды.
Аталмыш індеттен жазылғандар да жоқ емес. Мәселен, Қытайда – 73 159, Иранда – 8 913, Италияда – 8 326, Испанияда – 3 794, Оңтүстік Кореяда – 3 730, Германияда – 3 290, Францияда – 3 281 адам COVID-19 пандемиясын жеңгендер қатарында.
Көрші Ресей мемлекетінде коронавирусқа шалдыққандардың саны – 658 адамға жетсе, жазылғандар саны – 29. Ресей жаһандық індеттен сақтану шараларын күшейту мақсатында барлық бағыттағы әуе рейстерін тоқтатты. Себебі, ұшақтар вирусты тасымалдаушы деген болжамдар бар.
Ал Қырғызстанда бүгіннен бастап Бішкек, Ош пен Жалал-Абад қаласында, сондай-ақ, тағы үш ауданда төтенше жағдай режимі енгізілді. Осы уақытқа дейін көрші мемлекетте 42 адамда коронавирус анықталды. Онда төтенше жағдай режимі 15 сәуірге дейін жалғасады. Тәртіп бойынша күндіз азық-түлікке, дәрі-дәрмекке және ауруханаға шығуға рұқсат бар. Ал кешкі сағат 20:00-ден таңғы 7:00-ге дейін далаға шығуға болмайды, бұл комендаттық сағат болып саналады.
Қазақстанда осы уақытқа дейін 109 адам коронавирус жұқтырған. Оның 2-уі жазылып шықса, бұдан бөлек, шетелде екі азаматымыз ауруханаға түскен. Күні кеше Германиядағы қазақстандықты ауруханадан шығарды. Ал Мажарстан ауруханасында жатқан әйелдің жағдайы қанағаттанарлық. Ең өкініштісі бір азамат биқалық болды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, АҚШ-та коронавирус тез тарап жатыр. Соңғы бір күннің ішінде осы індетке шалдыққандардың 85 проценті Еуропа мен АҚШ-қа тиесілі.
Пандемияға байланысты көптеген мемле¬кеттер төтенше жағдайды күшейтіп жатыр. Мәселен, Молдовада саяжайлар мен балалар алаңдарына шығуға тыйым салынды. Ал Румынияда 65 жастан асқан азаматтарға далаға шығуға болмайды. Мысырда да комендаттық сағат енгізілді.

Дайындаған Лаура АЙДАРХАН
27 наурыз 2020 ж. 806 0