№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Коронавирустан жаһан жүрісінен жаңылды

Коронавирустан жаһан жүрісінен жаңылды

Адамзат жаратылғалы жұмыр жерде билеп-төстеп, әмірін жүргізіп келген-ді. Ендігі жерде адамның бұйрығы жүре бермейтінін көріп отырмыз. Расында көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын вирус менменсіп кеткен адамды тәубесіне түсірді…
Енді арқаны кеңге салып, жайбарақат жүретін кез емес. Сақтанбасаң, сан соғасың. Өзің ғана емес жақындарыңа вирус жұқтырып, өлімге себепкер боласың.

Ресми дерек көздеріне қарағанда, 19 қазанда вирусты жұқтырған адамдар саны 41 миллионнан асты. Оның 1 миллионнан астамы өлді.
АҚШ-та Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы бекіткен ережеге сай, вирус жұқтырған адаммен 1,8 метр қашықтықта 15 минут бірге өткізген адам 14 күнге карантинге жатқызылуы тиіс. Жалпы АҚШ-та вирусты жұқтырғандар саны 8 миллионнан асты.
Үндістан денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бір тәулікте 86 508 адам вирус жұқтырып, 1129 азаматтың көз жұмғанын хабарлады. Қазір 7 миллионнан аса адам аурумен арпалысып жатыр. Кедей халқы басым, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар сақтала бермейтін Үндістанда жағдай тым мүшкіл…
Бразилия, Мексика, Англия, Ресей, Аргентина, Италияда эпидемиологиялық ахуал әлі тұрақтанған жоқ. Қысқасы, әлемде коронавирустың ауқымы кеңейіп, жұқтырғандар саны артып келеді. Бұл коронавирустың ықтимал екінші толқынына бей-жай қарауға болмайтынын көрсетеді. «Сақтансаң, сақтаймын» қағидасын ұстану міндеті тұр.
Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сақтық шараларына мән берілмесе қатаң карантиндік шаралар қайта енгізілуі мүмкін деп ескертті. Бас дәрігердің алаңдауының себебі бар. Өйткені 18 қазанда Қазақстан бойынша 102 адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталды. Оның 17-і Нұр-Сұлтан қаласында, 10-ы Алматы қаласында орын алды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы – 15, Павлодар облысы – 11, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облысы – 9. Атырау облысы – 8, Батыс Қазақстан облысы – 6, Ақмола облысы – 5, Алматы облысы және Қостанай облысы – 4, Шымкент қаласы – 2, Ақтөбе облысы мен Маңғыстау облысы – 1 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.
Бұл сақтық шараларын мейлінше күшейту керектігін көрсетіп отыр. Жаһанды жүрісінен жаңылтқан коронавирусқа бей-жай қарауға болмайды.
Нұрлат БАЙКЕНЖЕ
20 қазан 2020 ж. 674 0