№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жау жоқ деме, жар астында...

Жау жоқ деме, жар астында...


Коронавирустың әлемге таралу аумағы кеңейіп келеді. Оның бір дәлелі, соңғы бір тәулікте 95 мыңнан аса адам коронавирусты жұқтырып үлгерді. Жалпы әлем бойынша вирусты жұқтырғандар саны 30 миллионнан асты. Көш басында АҚШ тұр. Алпауыт елдің 6 миллионнан аса тұрғыны індетті жұқтырып, оның 201 мыңы көз жұмған. Үндістанда 5 миллионнан аса, Баразилияда 4 миллионнан аса, Ресейде 1 миллианнан аса адам коронавирустың зардабын тартып отыр. Бұл – қауіптің әлі сейілмегенін көрсетеді. Бірақ аудан тұрғындары сақтық шараларына өз деңгейінде мән бермей келеді. Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің төрағалығымен өткен штаб отырысында осы мәселе талқыланды.


Күн тәртібіне сай ауданның бас дәрігері Яхия Шорабаев мінбеге көтерілді. Белгілі болғандай, аудан бойынша коронавирусқа шалдыққан науқас жоқ. Бірақ сақтық шараларын ұстану өте маңызды. «Жау жоқ деме, жар астында, Бөрі жоқ деме, бөрік астында» ұлағатының мә­нін түсініп, өзіміз үшін, жақындарымыз үшін сақтық шараларын күшейту керек. Өйткені көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын вирус қай тұстан, қалай келетінін білмейсің.
Қазір жедел әрекет ету мақсатында 200 орын дайын тұр. Оның 100-і ауруханада, 100-і ескі аурухана ғимаратында жасақ­талды. Сондай-ақ, Яхия Кәдір­бекұлы аудан­дық ауруханада 11 ИВЛ аппараты мен 55 оттегі концентраты және дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры бар екенін тілге тиек етті.
Мұнан кейін аудан әкімінің орынбасары Дар­хан Есалы­ұлының есебі тыңдалды. Өз кезегінде аудан әкімі Руслан Рүстемұлы баяндамашыға мобильдік-мониторингтік топ­тың жұмысын қайта жандандыруды, ақпараттық түсіндірме жұмыстарын одан әрі жетілдіруді, жер­гілікті әкімдердің жау­ап­кершілігін арттыруды жүктеді. Әсіресе, түн мез­гілінде тұрғындардың бей-берекет жүруі, адам көп шоғырланатын орын­дардың көпшілігінде сақтық шарасының тиісінше сақ­талмай отырғанын қа­пер­ге салды.
Ал аудандық полиция бөлімі бастығының мінде­тін атқарушы Айбол Тасболатұлы Жаңақорған кентінде отбасылық топтық жиындардың тиылмай отырғанын айтып, нақты сандарды сөйлетті. Бүгінде карантиндік талаптарды бұзудың 40 жағдайы тір­келіп, 36-на шара көрілді. Ауылдық учаскелік полиция қызметкерлерімен бірге ел­ді мекендерге рейд жа­сау барысында ауыл тұр­ғындары да карантин талаптарын сақтамай жүргеніне куә болғанын айтты.
Штаб кеңесін түйіндеген Руслан Рүстемов сала басшыларына эпидемио­логиялық ахуалдың ал­дын алу бағытындағы шараларды назардан тыс қалдырмауды тапсырды.

Нұрбол БАКИРОВ
19 қыркүйек 2020 ж. 1 111 0