№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Коронавирус: әлем елдеріндегі ахуал

Коронавирус: әлем елдеріндегі ахуал


Бүгінде әлем елдері коронавирустан қорғанудың жолдарын өзінше іздеуде. Бірақ вирусты толық құрықтау мүмкін болмай тұр. Статистикаға сенсек жаһан жұртының 16 миллион тұрғынынан вирустың белгілері анықталса, оның 644 мыңы қайтыс болды. Енді аурудың негізгі ошағы болып отырған елдердегі ахуалға тоқталайық...


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы инфекцияның таралу қарқыны күшейгенін ескертуде. Ұйымның мәліметінше, әлемде індет жұқтыру оқиғасының саны бойынша көш басында АҚШ тұр. Онда 4 миллионнан аса адамнан вирус анықталса, оның 150 мыңы бақилық болды. Екінші орында – Бразилия. Бұл елде 2 миллионнан аса адамға індет жұқты. Әлде де болса коронавирустың ауқымы кеңейе түсетіндей. Неге десеңіз, 27 шілдеде Бразилияда 17 мыңнан аса адамнан вирус анықталды.
Халқының көптігімен мақтанатын Үндістанда 1,5 миллионға жуық адам індет жұқтырды. Бұл – үшінші орынды көрсетеді. Мұнда күніне шамамен 20 мыңнан аса жағдай тіркелуде. Мәселен, соңғы тәулікте 24 248 адамның ауырғаны белгілі болды. Ал қаза тапқандарға келсек, Үндістан әлем бойынша 8 орында тұр.
Індет тараған елдердің алғашқы ондығына Ресей (805 332) Оңтүстік Африка Республикасы (434 200), Мексика (385 036), Перу (375 961), Чили (343 592), Англия (300 270) және Иран (288 839) кіреді. Өлім оқиғаларының саны он мың адамнан асқан мемлекеттер тізімінде Италия, Франция, Үндістан, Испания, Перу, Иран және өзге елдер бар.
Осыған байланысты әлем елдері карантиндік режимді бірінен кейін бірі қайта енгізуде. Алғашқылардың бірі болып Израиль мемлекеті карантиндік режимге көшті. Премьер-министр Биньямин Нетаньяхудің айтуынша, апта басында елде COVID-19 бойынша 500 мыңдай жаңа дерек тіркелсе, бүгінде бұл көрсеткіш екі есеге өскен. Бар, клуб, спорт залдары жабылып, бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынды. Ел үкіметі толық локдаунның алдында тұрғанын жариялады.
Маусым айының аяғында Оңтүстік Корея коронавирустың екінші толқыны басталғанын жариялады. Бүгінде Тэджон қаласында қатаң шаралар енгізіліп, спорт залдар, музей мен кітапханалар жабылды. Осы елде тұратын отандасымыз Берекет Заманханова әлеуметтік желіде былайша жазба қалдырған: «Коронавирусты тоқтату мен алдын алу үшін Корея бәрін ойлап қойған. Індетпен ауырып, ауруханада жатқан еңбекке жарамсыз адамға бір күндік жалақысы (100$ жуық) шотына түсіп отырады. Бұл тек корей азаматына қатысты. Одан бөлек, телефонда «corona alimi», «corona 100m» деген арнайы бағдарлама бар. Онда коронавирус жұқтырған адам қайда барғанын, қай уақытта сол жерде болғаны туралы ақпарат ала аласыз. Егер қауіпті аймаққа жақын жүрсеңіз, сізге арнайы ескерту хабарламалары келеді»
Оңтүстік Корея өлім көрсеткіші бойынша қауіп деңгейі жоғары мемлекеттер арасында соңғы орында. Оның үстіне, кез келген шетелдік арнайы емханалардан ақылы тексеріле алады. Егер COVID-19 анықталған жағдайда ақшасы қайтарылып, науқас тегін емделу мүмкіндігіне ие болады. Корейлер коронавируспен осылайша күресіп жатыр.
Ал Еуропа елдерінде жағдайға қарамастан, вирус өршіп тұр. Мысал ретінде Испанияны айтуға болады. Сонымен қатар Италия, Түркия, Германия, Францияда жағдай толық тұрақталған жоқ.
Бұл дегеніміз, әлемде коронавирус індеті әлі жалғасады деген сөз. Ғалымдар мен дәрігерлер вирусқа қарсы вакцинаны іздеп, індетті жеңетін дәрі-дәрмек түрлерін жасауда. Бірақ...

Лаура БИБАСАРОВА
29 шілде 2020 ж. 767 0