№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Есірткісіз өмір ғажайып!»

«Есірткісіз өмір ғажайып!»

   Есірткі... бұл сөзді айтудың өзі қорқынышты. Себебі есірткі денсаулыққа       өте зиян. Бірақ зиян екенін біле тұра, тұтынатын адамдар бар, бұл дегеніміз адамның өзіне жау екенін білдіреді. Олай болмайды, денсаулық ойыншық емес. Ең бірінші      байлық «денсаулық»  дейсіздер, бірақ сол байлықтың қадірін білмейсіздер. Есірткі кәдімгі дәрі емес. Есірткі адамның жүйке жүйесіне әсер етеді, соның кесірінен адамдар өліпте жатады. Байқап қарасақ қазір есірткіні жасөспірімдер тұтынады. Себебі олар өтпелі кезеңнен өтеді, өтпелі кезеңде жастықтың буымен есірткіге қалай тәуелді болып қалғандарында білмей жатады. Ал тәуелділіктен құтылу оңайға алып соқпайтыны сөзсіз.Сол тұтынып жүрген затының өте қауіпті екенін білсе де амалдың жоғынан тұтынуын жалғастыра береді.
         Есірткінің  жалпы тарихына келер болсақ , біздің заманымызға дейінгі 2700 жылдары Қытайда анаша пайдаланылды деген дерек бар. Көкнәрді Египетте емдік және діни ғұрыптарда пайдаланғаны туралы грек тарихшысы Геродоттың да еңбектерінен кездестіруге болады. Ең алғаш рет есірткінің зиянын шығыс ғұламасы Ибн Сина жазып көрсеткен. Көкнәрдің таралуы XIX ғасырда кеңінен етек алды. Ол үшін Англия мен Қытай арасында соғыс та болды. XX ғасырдың ортасында дамыған батыс елдерінде нашақорлық пен есірткі айналымы қауіпті жағдайға жетті. Бұл жағынан АҚШ бірінші орынға ие болды.Есірткіге қарсы күрес XX ғасырдың басында халықаралық сипат алып, арнайы құжаттармен бекітілді. 1946 жылдан бақылау Біріккен Ұлттар Ұйымының құзырына көшті.
         Есірткінің ерекшелігі сол, адам оған бір-ақ рет дәмін татқаннан кейін әуес болып калады. Міне, адамдардың нашақор болуы себептерінің бірі сонда жатыр. Танысы, бір рет дәмін татсаң немесе иіскесең, шексең нашақор болмайсың, қиындықтардың барлығын ұмытасың, ләззат аласың, жаның тыныштық табады деген арбау сөздерімен нашақорлық жолына тартады. Ал әлеуметтік қиындықтардан, отбасындағы ұрыс-керістен, жұмыссыздықтан немесе қызметіндегі жанжалдан шаршаған азамат қиындықтан аз уақытқа болса да «қашып кетуді» ойлап, есірткінің дәмін татады да, нашақор санатына қосылғанын білмей қалады.
      Жасөспірімдердің не себептен есірткіге тәуелді болуының себептерін қарастыратын болсам, оның себептері мынадай:
— ата-ананың баласын тәрбиелеуге уақытынын болмауы, жасөспірімнің үйден тыс өмірін қадағаламауы;
— отбасы мүшелерінің бірі арақ-шарап ішуі немесе есірткі колдануы;
— әкесі мен шешесінің жиі жанжалдасуы;
-ата-ананың бірі бала тумай тұрғанда
маскүнем немесе нашақор болуы;
-отбасы мүшелерініц бір-біріне деген сүйіспеншіліктің болмауы, отбасындағы түсініспеушіліктің орын алуы;
Сонымен есірткінің алдын алудың шаралары олар :
Ата-ана үнемі баласын қадағалауда ұстауы керек;
Отбасында бір-біріне деген сүйіспеншілік болу керек;
Ата-ана балаларына өз уақыттарын бөліп сырласуы керек
Сонымен достарым сіздерге айтарым: «Есірткі» деген зат ол от секілді, бір жанса өшуі қиын. Сол отты тұтандырмай, өмірімізді нұрландырайық!

Елеусіз Рахат,
N213 Жалпы орта мектебінің 8 а сынып оқушысы
            
 
13 қараша 2020 ж. 1 207 0