Есірткісіз өмір ғажайып

Есірткілер зат алмасу процесіне еніп, ең бірінші серотин өндіріп шығаратын ми жасушаларын өлтіреді. Серотин мидың көңіл-күй өзгерісін қадағалайтын зат, бұл адамды пәсең және селқос қылдырады. Иммундық жүйе зардап шегеді. Сондықтан адам ағзасы әртүрлі инфекцияларға қауқарсыз келеді. Ішкі тамырға есірткі қолданудың салдарынан психика, жүрек-қан тамырлар және жүйке жүйесі ғана емес, сонымен қатар бауыр, бүйрек ауырады, иммунитет төмендейді, тістер бұзылады, тамырлары ауырады, ой-өрісітің деңгейі төмендейді. Есірткіні мөлшерден тыс қолданудың қауіпі зор, оның салдары өлімге алып келеді, ал есірткі қолданғаннан болатын психиканың бұзылуы кей кезде өзіне-өзі қол жұмсауға әкеліп соғады.
Олай болса достар, денсаулығымызға зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық. Адам баласының жаман әдеттерден аулақ болуы ол өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы деп есептеймін. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болатын ол қазіргі жас ұрпақ, сол мемлекетімізді биік шыңдарға жеткізу, халқына қызмет ету тек қана дені сау жастарымыздың қолынан келеді.
Нашақорлық туралы қаншама айтылып, көрсетіліп жүрсе де, оның азаймағаны рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыздықта күреспей, ел болып, халық болып біріге күрессек ғана оның алдын ала аламыз.
Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекеттімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,- деп жастарға зор сенім мен
үміт артып отыр. Сол сенімді ақтау, болашақ жастардың қолында.
Еліміздің ертеңі болар жастарымызды есірткісіз болашаққа жетелейік!
Қазыбекқызы Шұғыла
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Бесарық бекеті, №247 жалпы орта мектеп