№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Есірткісіз өмір ғажайып!

Есірткісіз өмір ғажайып!

"Ауырып жол іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде" - халық даналығы!
Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға байланысты жазылған мақала.
Есірткі - адам өміріне ең қауіпті зат. Оны шексің, мүлдем басқа әлемге кетіп, оған деген тәуелділік пайда болады. Ал бұл керексіз заттан құтылу бұл - өмірдегі ең қиын дүние. Есірткі сенің өміріңде пайда бола салысымен ,сенің өмірің теріс бағытта жүреді. Толығырақ: жұмысыңа деген ынтаң жоғалып, сол есірткі үшін барлық қаражатыңды жұмсайсың, содан соң бір күні ешкім танымайтын жанға айналасың. Әрине, мұның бәрі есірткіге тап болсаң ғана орын алатын оқиғалар,мәселелер.Ал сен мұндай өмірді қаламасың анық.
"Есірткіні қалай ойламауға болады?" -деген сұрақ ойыңда болса, онда: спортпен айналысуың керек. Міне бұл өмірдегі ең басты көмекші - спорт. Спорт денсаулық кепілі. Бұл көмекші арқылы есірткіні ойламай ғана , өмірінде жақсы бағытқа өзгереді ,өмірің есірткісіз керемет екенін сезінесің.
Менің ойымша, өмірдің мәні де ,сәні де десаулықтың мықтылығы. Әрқашан өміріңді мәнді ете біл! Бәрін айтта ,бірін айт демекші - Есірткі қолдану жақсылыққа апармайды. Ендігі  кезекте өзімнің достарыма деген ақыл - кеңесімді өлең жолдары арқылы жеткізгім келеді :
Ескеріп есіркімен өмір сүрмей,
Спортпен алға қадам баса бергің.
Өзге әлемнің жібіне ілінгенше,
Спорттың жетегінде шалқып жүргің.
Жайнап ,күліп осылай жүре берейік,
Спортпен айналысу бізге керек.
Өмірдің ғажаптығын әрқашанда ,
Сезініп , сол сезімге бөленейік!
Міне Өмірдің керектігін осы екі шумақ өлең арқылы түсінугеде болады.
Қарақат АЙТБЕК,
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
Машбек Нәлібаев ауылы
№196 жалпы орта мектебі
09 қараша 2020 ж. 1 150 0