№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Адал еңбектің үлгісі

Адал еңбектің үлгісі

Төрт түлікке өрісін толтырмаса көңілі көншімейтін қазақ мал бағудың қыры мен сырына әбден қанығып, ел дәулетінің молаюында атакәсіпті алға оздырып келеді. Осы міндетті адалынан атқарып жүрген «Бекарыс» шаруақожалығының шопаны Азамат Жүнісов облыстық «Алтын дән – 2020» салтанатты шарасында «Озат шопан» номинациясымен марапатталды.

– Қой бағу, мал өсіру ежелден келе жатқан ата кәсібіміз. Кішкентайымнан әкеме еріп, шаруаға етене араласып өскеннен болар кәсібімді дөңгелетіп әкеттім. Алайда әр кәсіптің өз қиындығы болатынын да ұмытпау керек. Қойдың еті мен жүнін пайдаға асырып, мол табысқа кенелу үшін қыруар еңбек керек. Қысқа азығын дайындап, апта сайын қиын ойып, тазалап отырасың. Төл алу науқаны өз алдына бір майдан. Көз жазбай соңында жүруің керек. Өзге түліктер сияқты қараусыз қалдыра алмайсың, – дейді шопан.
Халқымызда «Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл көсір» деген қанатты сөзден ыстыққа да, суыққа да төзімді бұл жануардың аса бағалы екенін аңғаруға болады. Өйткені өз төлі есебінен тез көбейіп, баққан адамның ырыс-дәулетін арттыратын артықшылығы бар. Мұны жақсы білетін Ахмет Алтайбайұлы шопан ата таяғын серік еткеніне тіпті өкінбейді.
– Ахмет «Бекарыс» шаруақожа­лығына келгелі мал санының артуына өз үлесін қосып келеді. Мәселен, биыл 800 бас қойдан 800 бас төл алып, тәжірибелі шопан екенін дәлелдеді. Баққан малының қорын үзбей, өрісті төлге толтырған өз ісінің маманы қандай марапатқа болсын лайық, – дейді шарауақожалық иесі Серік Мырзабаев.
«Алдымызға мал салып, еңбек етуге жағдай жасалып тұрғанда мүмкіндікті жіберіп алуға болмайды» деген кейіпкеріміздің ісі қашанда ілгері. Қойды бағып қана қоймай оны асылдандыру да маңызды екенін жақсы біледі. Осы орайда бір отарда 800 бас асыл тұқымды қаракөл қойын бағып жүрген іс-тәжірибесі мол Ахмет шопанның ісі көпке үлгі. Нәтижесінде жасаған жұмысы өзге шаруашылықтардан көш ілгері.
–Жұмысым өзіме ұнайды. Осы қожалықта еңбек ету арқылы отбасымды да асырап отырмын. Өз ісіңнен жаның рахат тауып, жақсы өмір сүргіңіз келсе ауылда да талай нәрсеге қол жеткізуге болады. Жалпы мал шаруашылығымен айналысқалы ауылдан ешқайда кеткім келмейтінін түсіндім. Ауылдың дамуына біздер үлес қоспасақ, аймақ, қала қалай дамиды? Ал бос уақытымда ермегім ат баптау. Қалалықтар темір тұлпарын сәндеумен айналысса, мен жылқының жағдайын жасап, ер-тұрманы мен басқа да әбзелдерін талғаммен таңдап, алға қойған мақсаттарымды ақырындап іске асырып келемін. Артымнан ерген екі ұлым Азат пен Алмат та сабақтан тыс уақытта қолқанат болып, көмектерін аямайды. Кішкентайынан еңбектенген бала адал еңбектің қадірін түсінетін болады, – дейді озат шопан.
Иә бүгінгі күні тепсе темір үзетін жігіттердің жұмыс іздеп сабылып жүруі қынжылтады. Қазіргі уақытта мал шаруашылығымен айналысу табыс көзі екенін заман көрсетіп отыр. Сондықтан жастарымыз мал шарушылығымен айналысып, заман өзгерістерін пайдаланып, ата-кәсібімізбен айналысса нұр үстіне нұр болар еді.

Лауда БИБАСАРОВА
31 қазан 2020 ж. 953 0