Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 58

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Технология пәніне темірдей тәртіп керек

Технология пәніне темірдей тәртіп керек

Тоқсан жылдық тарихы бар Жаңарықтағы №167 киелі білім ордасы қаншама шәкіртті ұясынан ұшырып, арманына қанат қақтырды. Бүгінде аға буынның алдыңғысы ел басқарып отырған азаматтар, ал жастардың көбі ауданның өсіп-өркендеуіне өзіндік үлес қосып жүрген білікті мамандар қатарында. Осындай шәкірттер тәрбиелеген ұстаздардың да еңбегі өлшеусіз. Біз бүгін жақында ғана зейнетке шыққан технология пәнінің мұғалімі Палкүл Әбдіғаппарқызы туралы тереңірек зерделеп көруді жөн көрдік. 40 жылға жуық бір мектептің түтінін түтетіп, оқушы санасына білім нәрін сепкен ұстазбен емін-еркін дидарластық.


Жалпы білім саласындағы кез келген пән қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Осыған орай, пән мұғалімдері марапат биігінен көрініп, құрмет көрсетіліп жатады. Алайда технология мамандары мінберлерде айтылып, тізімге іліне бермейді. Бүгінгі заманның талабы техникалық мамандықты көбірек игерумен байланысты. Сондықтан бұл пәннің бүгінгі қоғамдағы алар орны бір төбе.
– 1983 жылы Жаңарық ауылына келін болып түсіп, сол жылдан бастап мектепке қызметке орналастым. Отағасы екеуміз бір саланың жүгін бірге көтеріп, қаншама шәкірт тәрбиеледік. Өкінішке орай ол кісі ертелеу өмірден озды, бірақ сол уақытқа дейін мектептегі білім сапасын жақсартып, білім деңгейін көтеруден күш-жігерін аянып қалмады. 9 жыл мектеп директоры қызметін абыроймен атқара білді. Отбасында екі ұл, екі қыз тәрбиеледік. Осындай жанға өмірлік жар болғаныма мен бақыттымын, – деп әңгімесін бастады.
Иә, мектеп тарихына үңілсек Бақытқали Мырзакамалов тоқсаныншы жылдың аяқ тұсында мектеп тізгінін қолға алып, қажырлы еңбек ете білген жан екен. Ал әкесі Әбдіғаппар Төлепбергенов қаншама жыл аудандық қаржы бөлімін басқарды. Палгүл апайдың өзі Шымкенттегі педагогикалық институттың сызу-сурет және еңбек факультетін бітірген. Бала кезден мұғалімдікті, оның ішінде технологияны таңдаған кейіпкеріміз мамандығының мәнін, мақсатын түсіндірді.
– Технология пәні – оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеуге тәрбиелейді. Сәнді қолданбалы қолөнері адамдардың көркемдік талғамының қалыптасуына ерекше әсер етеді, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге қызмет етіп, оларды халқымыздың материалдық рухани мұраларын терең түсініп, оны бағалай білуге тәрбиелейді. Шыны керек, технологиялық мамандық бүгінгі заманның талабы. Өйткені Қазақстанда өндіріс саласы дамығанымен, дайын кадр, білікті мамандар жетіспей жатады. Сондықтан соңғы жылдары осы салаға бет бұрған жастар көбейді, өзімнің қызым да осы салада жоғары білімін шыңдады, – деді.
Әр баланың ерекшелігін ескеріп, тақырыпты өмірмен байланыстырып, әр оқушыға жеке бағыт – бағдар беріп отырғанда оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Қазіргі таңда технология пәні мұғалімдері өз қызметіне өте үлкен жауапкершілікпен міндет. Осындай жауапкершілік жүгін абыроймен атқарып келген Палгүлдің әріптестері қатарында: «Бар саналы ғұмырын өз саласына арнаған ұлағатты ұстаз қаншама шәкіртті тәрбиелей білді, жастарға бағыт көрсетіп, жаңашыл оқытуды, ізденімпаздыққа баулуды үйретті. Тәжірибесі толысқан осындай ұстаздардың әлі де қоғамға, өскелең ұрпаққа берері мол» – деді мектеп мұғалімі Нұржамал апай.
37 жыл шәкірт тәрбиелеп қана қоймай, ұл-қыздарының жоғары білім алуына бағыт-бағдар көрсетіп, аналық мейірімін төге білген Палгүл ұстаздың біз білмейтін қырларының көп екеніне көз жетті. «Ұлағатты ұстаз» медалі мен бірнеше облыс, аудандық мақтаулардың иесі атанып үлгеріпті. Ең бастысы саналы ұрпақ, озық ойлы шәкірт тәрбиелей білген ұстаз өзін бақытты санайды.
Әли ТЕМІРБЕК
06 қазан 2020 ж. 348 0