№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

– Жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 2168 адам хабарласса, 1836 адам жұмысқа орналасты. Атап айтқанда, тұрақты жұмыс орнымен – 867, әлеуметтік жұмыспен – 168, жастар практикасына –200, қоғамдық жұмысқа – 601 адам тартылды. Осы жылы 1450 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған, алайда 1221 жаңа жұмыс орны ашылды. Соның ішінде уақытша жұмыс орындары – 160, тұрақты жұмыс – 1061-ді құрады, – деді.
Ауданда бос жұмыс орнына 10 рет жәрмеңке өткізу жоспарланса, жыл басынан бері екі рет өтті. Оған 34 жұмыс беруші 307 бос жұмыс орнын ұсынып, 75 азаматқа жолдама берілді.
Жұмыссыздықпен түбегейлі күресу мақсатында жарияланған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағ-дарламасы бірқатар бағыттардан тұратыны белгілі. Әуелі бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету турасында атқарылған ілкімді істерді сараптап өтсек.
Жұмыспен қамту орталығының мәліметінше, аталмыш бағыт аясында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім алуда аудандық білім бөлімі арқылы 9-11 сынып бітірушілерге қыркүйек айынан бастап оқу басталады. Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға барлық ауылдық округтерден 25 адам «Кондитер» мамандығы бойынша жинақталып, ағымдағы жылдың 15 шілдесінен бастап Жаңақорған ауданының аграрлы-техникалық коледжіне 3 айлық қысқа мерзімдік курсқа жолдама берілді. Оның ішінде жастар саны – 12, әйелдер саны – 25. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 200 үміткерді оқыту жоспарланып, бүгінгі таңда 132 адамға жолдама берілді. Оның ішінде жастар саны – 73.
Енді екінші бағыт – жаппай кәсіпкерлікті дамытуға тоқталсақ. Ауданда кәсіби бағдар алып, шаруасын шалқытып отырғандар осы бағдарламаның қатысушылары. «Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін берілетін мемлекеттік грантқа ағымдағы жылға Республикалық бюджеттен 300 адамға 159060,0 мың теңге, бөлінген. Игерілген қаржы 108076,0 мың теңге немесе 67,9 пайызды құрайды. Нәтижесінде 230 адамға мемлекеттік грант берілді. Жастар саны – 129, әйелдер саны –92. Несиелендіру бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы ауданға барлығы 279,3 млн. теңге қаржы бөлініп 80 адамға және сонымен қатар «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 7 адамға барлығы 87 кәсіпкерге несие алу үшін жолдама беріліп, кәсіптерінен нәсібін тарту бұйырған.
Үшінші бағыт халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын арттыруда да бірталай жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жыл басынан бері Республикалық бюджеттен 61384,0 мың теңге қаралған. Осыған 120 адам жолдау жоспарланып, бүгінгі күні 50 жұмыс берушіге 168 адам жұмысқа орналастырылды. 2 адам мерзімінен бұрын бас тартты. Есептік кезеңге 19846,0 мың теңге қаралса, игерілгені 17391,0 теңге. Жастар саны –31, әйелдер саны – 32. Жастар практикасын ұйымдастыруға Республикалық бюджеттен 125 657,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 14 315,4 мың теңге қаржы қаралып, Республикалық бюджеттен 55022,0 мың теңге, облыстықтан 49255,0 теңге игерілді. Бөлінген қаржыға байланысты 351 адамды жұмысқа тарту жоспарланса, бүгінгі таңда 88 жұмыс берушіге 200 жас түлек жұмысқа орналастырылды. Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны – 12. Есептік кезеңге қаржының толық игерілмеу себебі еліміздегі карантин режиміне байланысты жұмыс берушілердің жұмыстары тоқтатылып, бағдарламаға қатысушылар санының аздығы себеп болған. Ал қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 559 адамға 130 160,0 мың теңге бөлінді. Оның 51200,0 мың теңгесі игеріліп, 601 адам жұмысқа тартылды. Әйелдер саны – 389, жастар саны – 168. Мерзімінен бұрын бас тартып, тұрақты жұмысқа орналасқандар саны – 9 адамды құрайды.
Жоғарыда аталып кеткен мәлімет бойынша сала басшысы ең өзекті деген бағдарламаға тоқталып, өз пікірін білдірді.
– Бұл жобалар бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар мен жұмыссыз азаматтар да бағын сынай алады. Оқуға қатысқан азаматтар біріншіден кәсіпкерлік бағытта біліктіліктерін жетілдірумен қатар бизнес-жоспарларын әзірлеп шығады.Сәтті деп танылған жоспар «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы мен «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-не ұсынылады. Егер бизнес-жоспардың құрылымы мен деңгейі, табыс әкелетіні расталса аталмыш қаржы ұйымдары 6 пайызбен несие беруге дайын. 29 жасқа дейінгі құлшынысы артып, ұтқыр идеясымен көзге түскен жастар жоспары 555 600 теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие бола алады. Сол секілді 29 жастан асқан жұмыссыз азаматтарға қайтарымсыз грантқа қол жеткізу мүмкіндігі де қарастырылған, – деді Жаңабек Тұрлыбеков.
Біз орталық басшысының сөзін нақтылау мақсатында Бесарық ауылының тумасы Нұрсұлтан Бақытұлын сөзге тарттық.
– Жыл басында жұмыссыздыққа тіркеліп, құжат тапсырдым. Кейін осы бағдарлама арқылы грант иеленуге болатынын айтқанда қуанып, арнайы курстан өттім.Бағым жанып, сәттілік серік болып, 555 600 теңгеге қол жеткіздім. Бұған ата-анам да риза, – деді жиырма үш жастағы жас кәсіпкер.
Ал аудан тұрғыны Айдана Фархадқызы: « Биыл оқуымды бітіріп, дипломымды қолыма алған жайым бар. Жұмыспен қамту орталығына енді ғана тіркелдім. Ондағы жауапты мамандар бос жұмыс орнына қабылдауға өтетін жәрмеңке барысында немесе мамандығыма сұраныс болған жағдайда хабарласатындарын жеткізді. Әзірге күтуден басқа амалым жоқ. Жақсылықтан үмітім зор», – деді ол.
Қорыта айтқанда, жұмыссыздықпен күресу мақсатында мемлекеттен түрлі қолдаулар көрсетіліп келеді. Әсіресе кәсіпкерлік ашып, оны дамытуға бағытталған бағдармалар жемісін беруде. Оның игілігін сезінген тұрғындар да аз емес.
Лаура БИБАСАРОВА
02 қыркүйек 2020 ж. 581 0