№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

ЖАҢАҚОРҒАНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қызметіне ресми кірісу рәсімінде елдің дамуына қажетті он басымдықты атап, соны жүзеге асыруда жұмыла жұмыс жасауға шақырды. Төртінші бағытында: «Жаңа жұмыс орындарын ашу және халықты лайықты жалақымен қамту қажет», – деп жұмыссыздықты жоюды тапсырды. Осы бағытта қандай жұмыстар жүргізілуде? Соған жауап іздесек.

Жұмыссыздық – қоғамдағы өзекті мәсе­ленің бірі. Жұмыссыздықпен түбе­гейлі күресу мақсатында жария­лан­ған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағ­дарламасы бір­қатар бағыттардан тұратыны белгілі. Әуелі бағдарламаға қатысу­шыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіп­тік оқумен қамтамасыз ету турасында атқарылған ілкімді істерді сараптап өтсек.
Жұмыспен қамту орталығының мәлі­ме­тінше, аталмыш бағыт аясын­да барлық ауылдық округтерден 201 адам оқыту жоспарланып, 24 маусымнан бастап «Аруана» шаруа қожалығының мобильді оқу орталығы арқылы Жаңақорған аграр­лық-техникалық колледжінде «Малшы» мамандығы бойынша 40 адам оқып жатыр. Оның ішінде әйелдер саны – 10.
Енді екінші бағыт – жаппай кәсіп­керлікті дамытуға тоқталсақ. Ауданда кәсіби бағдар алып, шаруасын шалқытуға қайтарымсыз грант иеленіп жатқандар осы бағдарламаның қатысушылары. Әсіресе «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша барлығы 180 үміткерді оқыту жоспарланып, 102 адам оқуын аяқтаған. Әйелдер саны – 47 болса, жастары – 34. Ал соның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы 91 адам 454 млн. теңге несие алды, 13 адам «Бастау Бизнес» жобасын оқыған кәсіпкерлер. Бұл жөнінде сала басшысы былай деп түсіндірді:
– Жобаға өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар және жұмыссыздар қатыса алады. Оқуға қатысқан аза­маттар кәсіпкерлік негіздеріне қатысты біліктіліктерін жетілдірумен қатар өздерінің бизнес-жоспарларын әзірлеп шығады. Оқуды сәтті аяқтаған соң бизнес-жоспарларын өңірдегі қаржы институттары: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы мен «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС-не ұсына алады. Бұл жобалар өміршең деп танылса аталмыш қаржы ұйымдары 6 пайызбен 8000 АЕК (айлық есептік көрсеткіш, биылғы жылғы көрсеткішпен 19 млн. теңгеге дейін) дейін несие ала алады. 14 пен 29 жас арасындағы жастардың ұтқыр идеялары қолдауға лайық деп танылса, 505 мың теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантқа ие бола алады. Сол секілді 29 жастан асқан жұмыссыз азаматтар да 252 мың теңгелік қайтарымсыз грандқа қол жеткізу мүмкіндігі бар, – деді Жаңабек Тұрлыбеков.
Сала басшысының сөзіне дәлел бол­сын деген мақсатпен «Бастау биз­нес» жобасында кәсіби бағдар алып, қайтарымсыз гранд иемденген Қожакент ауылының тумасымен тілдестік.
– Жастарды жұмыспен қамту­ға бай­ланысты атқарылған жұмыстарға дән ризамын. «Бастау бизнес» жобасының мен де игілігін көрудемін. Кәсіби бағ­дарлық курсты оқы арқылы 252 мың теңге көлемінде қайтармсыз грант алып, тігін шеберханама қажетті құрылғы сатып алдым, – дейді Айдана Бақытжанқызы.
Бағдарламаның үшінші бағыты халық­ты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын арттыру деп аталады. Аталмыш бағыт аясында әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін жыл басы­нан бері республикалық бюджеттен 42893, 0 мың теңге қаралса, бүгінгі таңда 3336,3 мың теңге игерілген. Осы бағытқа 120 жұмыссызды жолдау жоспарланса, 57 жұмыс берушіге 132 адам жұмыс орнына жолданған. Әйелдер – саны 41, жастар саны – 52.
Жастар практикасын ұйымдастыруға 166 адамды жолдау жоспарланса, бүгінгі таңда 74 жас түлек жолданып, 1 адам жастар практикасын мерзімінен бұрын аяқтап тұрақты жұмысқа қабылданған. Ал қоғамдық жұмыс орындарына 68 адам жіберілген. Оның 23 жастар, 59 әйелдер. Жалпы алғанда жыл басынан бері, жұмыссыздық мәселесімен 1480 адам хабарласса, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны – 1209. Яғни жұмысқа ынталылардың 81,6 пайызы жұмыспен қамтылған. Оның ішінде тұрақты жұ­мыс орнына 532 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 158 адам, жастар прак­тикасы арқылы 176 адам орналасса, 343 азамат қоғамдық жұмысқа тартылған.
Айта кететіні, «Жұмыспен қамту орталығының» тапсыры аясында жұмыс­сыздарға кәсіби бағдар берушінің бірі – Жаңақорған аграрлы-техникалық кол­леджі.
– 2018-2019 оқу жылында 147 сту­дент бітірді. Биылғы оқу жылына 235 талапкер қабылдаймыз. Оның ішінде 150 мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылданады. Ал Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамы­тудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында 9 сы­нып­тан кейін 45, 11 сыныптан кейін 40 жұмыссызды қабылдаймыз, – деді директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары Дәулетхан Тұрсын­қожаев.
Келесі кезекте нысаналы топтағы азаматтардың жұмыспен қамтылуын сарап­тасақ. Жалпы 103 адам жұмысқа өтініш білдірсе, олардың жұмысқа орналасқаны – 46. Оның ішінде, 60 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыс сұрап хабарласса, жазасын өтеп келгендер – 43. Осыдан жұмыспен қамтылғаны: мүгедектер – 23 (оның ішінде, 3 адам шағын несие, 3 адам жаңа Бизнес идеяларды бастау үшін мемлекеттік грант алды) жазасын өтеп келгендер – 23.
Қорыта айтқанда, жұмыссыздықпен күресу мақсатында мемлекеттен түрлі қолдаулар көрсетіліп келеді. Орта жас пен жастарды, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды жұмысқа ынталандыру мақсатында жұмыс жасап жатқан бағдарламаның бүгінге дейін көпке көрсеткен игілігі осындай.

                                                                                                                                                  Ханым ТӨРЕХАН
20 тамыз 2019 ж. 951 0