№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту

 Ағымдағы жылы қабылданған халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспар аясында 3959 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, оның 1978 жұмыссыздар, 1677 нәтижесіз жұмыспен қамтылатындар, 304 лайықты жұмыс іздеушілер қатарында – деп хабарлайды "Жаңақорған тынысы" газеті.

  Осыдан жоспар 3856 адамға орындалды. Жылдық жоспар 97.4 пайызға орындалды.
Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде жұмыспен қамту орталығына 2787 адам хабарласса, жұмыс­сыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны барлығы 2529адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 98 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Атап айтқанда:
-Тұрақты жұмыс орындарына- 1513 адам;
-әлеуметтік жұмыс орындарына-160адам;
-жастар практикасына-250 адам.
-Қоғамдық жұмыс орындарына-606 адам;
2018 жылы 850 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 1128 жаңа жұмыс орындары құрылды (жылдық жоспардың 133 %), соның ішінде 1077 тұрақты немесе 95.5 пайыз.
 Ауданда 10 рет бос жұмыс орындарына жәрмең­келер өткізу жоспарланса, бүгінгі таңға 13 рет өткізіліп, 177 жұмыс беруші 277 бос жұмыс орындарын ұсынды. Оған 277 азаматқа жолдама берілді. Әйелдер саны -58.
Нысаналы топтағы азаматтар жұмысқа орналас­қандардың ішінен хабарласқандар 112 болса жұмыс­қа орналасқаны 65 немесе 58 пайыз. Оның ішінде хабарласқаны: мүгедектер – 82, жазасын өтеп келгендер –30,
оралмандар – 0. Осыдан жұмыспен қамтылғаны: мүгедектер- 40 (жоспар-40), жазасын өтеп келгендер -24. оралмандар -0.

"ЖТ" – ақпарат. 

18 қаңтар 2019 ж. 908 0