Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАҢА ҚЫРЛАРЫ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ЖАҢА ҚЫРЛАРЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел президенті болып сайланғаннан кейін, негізгі жұмыс бағыты ретінде 10 бағдарды атаған болатын. Соның бірі – жаңа жұмыс орындарын ашып, халықты лайықты жалақымен қамту.
Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде аудандық жұмыспен қамту орталығына 1480 адам хабар­ласса, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шара­ларымен қамтылған азаматтардың саны барлығы 1209 адам жұмысқа орналастырылған. Атап айтқанда: Тұрақты жұмыс орындарына- 532 адам; әлеуметтік жұмыс орындарына-158 адам; жастар практикасына-176 адам; Қоғамдық жұмыс орындарына-343 адам.
2019 жылы 940 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып, 568 жаңа жұмыс орындары құрылды (жылдық жоспардың 60,4% ), соның ішінде 558 тұрақты немесе 98,2 пайыз.
Ауданда жыл басынан бері 10 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңкелер өткізу жоспарланса, бүгінгі таңға 6 рет өткізіліп, 98 жұмыс беруші 163 бос жұмыс орындарын ұсынды. Оған 100 азаматқа жолдама берілді. Әйелдер саны – 49.
Нысаналы топтағы азаматтар жұмысқа орна­ласқандардың ішінен хабарласқандар 103 болса, жұмысқа орналасқаны 46 немесе 44,6 %. Оның ішінде мүгедектер – 60, жазасын өтеп келгендер – 43. Осыдан жұмыспен қам­тылғаны: мүгедектер- 23 (оның ішінде 3 адам шағын несие, 3 адам жаңа Бизнес идеяларды бастау үшін мемлекеттік грант алды) (жоспар-40), жазасын өтеп келгендер – 23.
27 шілде 2019 ж. 969 0