№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

 Дәл осылай толғанған ақын Абай заманымен бүгінгі күнді салыстыруға да келмейді. Тәуелсіздік салтанат құрған еркіндіктің есігі айқара ашық қазақ қоғамында  боламын деген  жасын талап қадамына тқсау болар бір бөгесін бар ма?  Мынау  нәзік жаны тыншу таппай түн ұйқысын төрт бөліп ойын онға, санасын саққа бөліп жүрген жас қайраттың қандай арман-дерті бар? Оны өзі айтып берсін:


«Өзімді айтсам...
Менің мекен-жайым ба?
Қаратаудың бойында...
Кеңге жайған құшағын,
Жазиралы Жайылма.
Сонда туып, ержеттім,
Батасын ап мен көптің.
Шамын жақтым үміттің,
Дәмін таттым еңбектің.
Гүлін тердім қырлардың,
Ата-анамнан үлгі алдым.
Араласып талаймен,
Жігер бойлап, шыңдалдым.
Бала күнім – тым тәтті,
Болашаққа тіл қатты.
Таңғажайып бір әлем,
Махаббатын жырлатты.
Куәсі боп жан-жақтың,
Егін егіп, мал бақтым.
Ақындықты пір тұтып,
Жат қылыққа бармаппын.
Өмір жолы – әрқалай,
Айтар сырым бар талай.
Жиі аңсаймын өткенді,
Сағынышым тарқамай.
Арман, тілек – қос бағыт,
 Жүрегіме от жағып.
Алаулаттым өлеңді,
Мен – Мадияр  Оспанов!!!
Бала жастан өлең жазуға құмартқан Мадиярдың  аудан көлемінде  өтіп жататын балауса ақындардың мүшайраларына  қатыспай қалған кезі жоқ–ты. Кезінде сол байқауларға қазылық етіп жүріп оған өзіміз де талай куә болғанбыз Көзінде от жанып, көп алдына кеуде қағып шыққанымен әлі болмыс-бояуы бекімеген, ұйқасы кем, шалажансар шумақтары талап өрінен таныла алмай бәйгеде орын атаулыдан құр қайтқан кездері де аз болмады. Бірақ солай екен деп жас талап жасымады, жазғандарын бір дәптерге сыйғызып редакция есігін тоздырған да кезі жоқ емес.  Ақынымызға арнайы уақыт бөліп, өлеңдерін талдап, буын ұйқастарын жалғап, талай бірге жұмыс та жасадық. Талап иесі сан сынақтан сүрінсе де сағы сынбай алға қарай жылжи берді. Жасымады. Жапан далада жалғыз жүріп жан дауасын таңдады, көңіл құсы зау биікке алып ұшып самғады. Қайтпас қайсар бала мінез үмітке-үміт жалғады. Қолын бұлғап күтіп тұрды болашақтың арманы.
Ақын тілек осылайша өз сорабын салмақтап, Абайдан арна тартқан ұлы көшке  қара іліктірген  Жыр- тәңірімен қауышып, оған ағыл-тегіл өз арнауын арнады:
Тәңірім,
Жарығың нұр етті жас жанды,
Ибалы үн,
Сыйладың тұп-тұнық аспанды.
Бұл бір-шын!
Бүлдіршін, періште кезімнен,
«Жыр» атты ,
Тұрақты мекенім басталды.
Пендемін,
Мен ненің белгісін жасырам?
Үмітке
Күліп те, жылап та  асығам.
Арынды ой
Мәлім ғой әуелден көзімнен,
Арман да
Арнамда ағын боп тасыған.
Туған жер,
Думан бел-шаттықтың қойнауы,
Еркімнің,
Дертімнің бұзылмас қаймағы.
Сенбесең,
Кел де сен зерттеп көр өзімнен,
Дарынды,
Барымды, қанымды бойдағы?!
Тәңірім!
Жалыным кеудемде лаулаған,
Түске енді,
Күш берді мәңгілік тау маған.
Ар үшін,
Намысын бермейтін төзімнен,
Ұлың – Мен,
Жырыммен жер бетін жаулаған.
Өткенге,
Жоқ менде наз айтар жүдә-тым,
Мұңымды ,
Сырымды кімім бар ұғатын?
Себебі,
Келеді кіршіксіз сезіммен,
Тірі жан,
Жыры – бал, тілі өткір бұл ақын!
Мадиярдың ата-анасы қарапайым еңбек адамдары. Әкесі Мұхтар – диқан, анасы Қалампыр – мұғалім. Мадияр отбасында бес баланың бірі. Өнер жолын таңдаған жас талап қазірде Бірлік ауылдық клубында сүйемелдеуші болып жұмыс атқарады. Өлең мен өнер –  егіз.  Осы құтты ордада еңбек ете жүріп өзін жетілдіруден танбайтын шығармашылық  өкілі  жақында ғана халықаралық шығармашылық тілдер бірлестігінің «Дүние таланттары» одағының мүшелігіне қабылданды. Сонымен қатар ол «Әлем халықтары жазушылар одағы» мүшесі. Бұл дәрежеге бұған дейін өткен дүниежүзілік «Үкілі үміт» өнер фестивалінде жоғары орынға ие болғаны және фейсбук желісінде ұйымдастырылып жүрген сан түрлі халықаралық мүшайраларға белсенді қатысып, озық ой, оқшау дарынымен танылғаны үшін қол жеткізді деп айтуға болады.
Ол жақында ғана қырғыз хал­қының заңғар жазушысы Шың­ғыс Айтматов пен ұлы ақыны Эльмирбек Иманалиевті еске алуға арнап қырғыз, қазақ және түрік елдерінің бірлесе өткізген онлайн фестивалінде екінші дәрежелі дип­ломмен марапатталды
Қазіргі таңда өлеңдері қырғыз, ағылшын, қытай, үнді, араб, түрік тілдеріне аударылып келеді.
Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай және Қазақ даласы» атты өлеңі Түркияның «Mersin Іzlem Gazetasi» газетінде түрік тілінде жарияланды.
Жарқын тілекке толы жырдан кесте тоқып, әр көкіректі жамаудан жалықпайтын ақын өлеңіне жер бетінде шекара жоқ. Олар  бүтін адамзат  аңсайтын бейбіт күннің мәңгі жыршылары. Біз өз жерлесіміз Мадиярдың осы санаттан табылып қана қоймай жанартау талабымен  биік-биік шыңдарды табындыруына шын жүректен тілектеспіз.
               Баян Үсейінова
30 тамыз 2020 ж. 721 0