№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Арман қала – Нұр-Сұлтан

Арман қала – Нұр-Сұлтан

Елдің бас ордасына табан тіреген кез-келген жан сөзсіз осылай дейді. Өмірлік мақсатына қол жеткізу үшін жасы да жасамысы да сәні мен сәулеті жарасқан қалаға асығатыны ақиқат. Бірегей архитектуралық стильде бой көтерген ғимараттар көздің жауын алады, елдіктің еңсесін тіктейді...

...Алғаш рет 2001 жылдың жазында аяқ бастым. Бүгінгі болмысындай биік-биік ғимараттары болмаса да Есілдің қос беті өзінше ажарлана түскен-тұғын. Арман қуалап барған біз секілді студенттерді жергілікті халықтың кішіпейілділігі, қарапайымдылығы еріксіз өзіне тартты. Елдің түкпір-түкпірінен келген азамат бір-біріне жөн сілтеп, білгенін айтып, көмек тесуге пейілді екенін көрсетті. Мұндай адамгершілік қағидаларды қоғамдық көліктерде де жиі байқайтынбыз. Иә үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін жастар қоғамдық көлікте орын беріп, сауап іске ұмтылатынына талай рет куә болдық.
Нұр-Сұлтанның өзге қалаларға үлгі боларлық тұсы – жасыл желекті қалаға айналып келеді. Шаһар ішіндегі демалыс парктері мен аллеяларда тамырын тереңнен тартып, бұтағын кеңге жайған мәуелі ағаштар биіктей түскен. Қала сыртындағы жасыл белдеудің өзі бөлек мақалаға арқау болатыны анық...
Содан бері 20 жылда зулап өте шығыпты. ХХІ ғасырдың басында арманын арқалап, білімін шыңдауға барған талапкерлер бүгінде елдің түкпір-түкпірінде табысты еңбек етуде. Түсіне білген адамға Елордада кәсіби маман ретінде қалыптасып, шыңдалып, кіндік қаны тамған жерде мұрат-мақсатын шыңдыққа айналдырудан артық не керек?! Иә біздер үшін Нұр-Сұлтан қаласына осындай мүмкіндікті сыйлады. Бұдан артық қандай бақыт керек?!
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы сәулетіне сәулет қосып, күн сайын өзгеруде. Дамудың даңғыл жолына түсті. Елдікті биік ұстайтын, өңір-өңірге үлгі көрсететін орталыққа айналды.
Бұл – Сарыарқаның төсіндегі сайын даланы мекен еткен әрбір жанның тілегі түйіскен жер. Бұл – әрбір жанның бағындырған белесіндей ғасырдың ең биік, ең озық қаласы. Бұл – тоғыз жолдың торабында орналасқан, шығыс пен батысты тоғыстырған мекен. Бұл – жастардың мұратына қанат бітірген арман қала.
Оның бір бөлшегіне айналып, сонда білім алғанымды қашанда мақтан тұтамын.

Әйгерім МҰХАММӘДИ
04 шілде 2020 ж. 923 0