№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Арман жырымсың, Астанам!

Арман жырымсың, Астанам!


Орыны бөлек басқадан,
Көшімді алға бастаған,
Ордасы елдің жас қалам.
Бақытқа бастар бас қалам,

Арман жырымсың, Астанам!
Аударып әлем назарын,
Түрленіп жатыр ажарың,
Таусылмасыншы ғажабың.

Өзіңмен алға ұмтылып,
Мақтана берсін қазағым.
Болашағымды барлаған,
Келешегімді қамдаған,

Салтанат құрған сән қалам.
Елдіктің туын көтеріп
Бабалар жолын жалғаған.
Ел үшін аса қымбатты,

Текті өлкем сенсің тым тәтті,
Жүрегім саған тіл қатты.
Айшықтала бер, Астанам,
Ажарыңменен сымбатты...

20 жыл жаңа таң күліп,
Сан жылдарды артта қалдырып,
Қазаққа қайта жанды үміт.
Астана салды бастама

Ел болу үшін Мәңгілік!
Егемендігім - елдігім,
Өжеттігім - өрлігім.
Тәуелсіздігім – теңдігім,

Елордасымен еңселі
Қазақ елімін мен бүгін!
Салтанатыңмен сән құрып,
Әлем халқын таң қылып,

Астанам жаса, жаңғырып.
Келешегің кемел боп,
Өрлей бер, өрле мәңгілік!
Жігер мен намыс қайралып,

Ертеңің үшін сайланып.
Көк байрақ көкте байланып,
Жасай бер, жаса қазағым,
Мәңгілік елге айналып!

Орыны бөлек басқадан,
Көшімді алға бастаған,
Ордасы елдің жас қалам.
Бақытқа бастар бас қалам,
Арман жырымсың, Астанам!

Әбілхайыр Әбілпатта.
06 шілде 2018 ж. 1 332 0