№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Мен де елімнің ерке қызымын

Мен де елімнің ерке қызымын

Жаңақорғанда 20-ға жуық өзге этнос өкілі тату тәтті өмір сүреді. Түрік, орыс, кәріс және тағы басқа, менің де ұлтым армян. Ұлтым армян болғанымен, жаным қазақ. Сондықтан біз де бөліну деген ұғым блдған емес. Менің бар арманым өнер саласында биіктерді бағындырып, аудан мәдениетіне өзіндік үлесімді қосу.
Әрине өнер жолы ауыр екенін білемін. Бірақ бойымдағы талант менің осы салаға жетеледі. Нұрберген Тастаев, Талап Тотаев сынды өнердегі ағаларым маған үнемі демеу болып, осы биікке көтерілуге себепкер болды. Мен де олар артқан сенімді ақтау үшін талай жыл тер төгіп келемін. Қарындасым, қызым деп құшағын жайған осындай азаматтарға рахметім шексіз. Сондықтан барша жаңақорғандықтарды бүгінгі келіп жеткен 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Татутылық пен тұрақтылық, бірлік пен бейбітшіліктің ұлы мерекесі саналатын бұл күн біз үшін де ерекше. Бір шаңырақтың астында бір үйдің балаларындай өмір сүріп жатқанымыз үшін қазақ дархан көңілді, кең пейілді қазақ еліне алғыс айтамын. Қолымнан келгенше әлі аянбай қызмет ете беремін. Қазақ өнері жасай берсін!

Лаура АНДРИАСЯН,
М.Көкенов атындағы аудандық
мәдениет үйінің қызметкері.




30 сәуір 2020 ж. 763 0