» » Құт пен бақыт жайлаған Жаңақорған

Құт пен бақыт жайлаған Жаңақорған

Құт пен бақыт жайлаған Жаңақорған,
Талай тума талантқа ана болған.
Өркениет ошағы бақ дарыған,
Бір жырымды арнайын жаңа жолдан.

Бала жастан түсінгем қасиетін
Тыңдап өскем бабамның өсиетін.
Сыр анам-ау, қымбатсың перзентіңе,
Мен де ұлыңмын өзіңе бас иетін.
Тұран далам көктемде құлпырады,
Соған қарап көмейге жыр тұнады.
Қаратауға қарап мен шабыт алам,
Құшақ жайып алдымда сыр тұрады.
Қаратаудың жүрегі жанып тұр ма?
Сыр беліндебөленер халық нұрға.
 Талай ақын шықтығой бұл халықтан
Есіркеп пен манаптай алып тұлға.
Туған жер мен тарихым қос бағанам,
 Тер төкпеген еліне босқа бабам
Әбутәліп Әнуардай қаһарманым,
Тарих жайлы сыр шерткен Досжан ағам.
Тау басында ержеткен түлегі мен,
Қаратауым береді үнемі дем.
Сондықтан да жүрегім бірге соғар,
Туған жердің ақнәзік жүрегімен.
Қоса жайған тарихпен тамырларын,
Талай ғылым білімнің шамын жаққан.
Сартайұлы Сұлтандай академик,
Қазағымның білімін жалындатқан.
Өгіз мүйіз шыңдары шарықтаған,
Тәуелсіздік ақ бұлты қалықтаған.
Көржайлау мен Кеңқорық жәннәт төрі,
Осы менің өзіңе анық бағам.
Шипажайы танылды еміменен
Жиделі, сыр қоса ақты теңімене.
Нарқосқан мен жошыкөл айдын шалқар,
Таласып тұр ауданның төріменен.
Елтаңбамның авторы Мәлібеков,
Құдай өзі жаратқан дарын етіп.
Үш символым-ақ жарық үш жұлдызым
Тұр гой мені әлемге мәлім етіп.
Бақ қып берген, ауданым, сені маған
Сенсің біздің қорған да, мөріміз де.
Сапарбаев Бердібек жерлесіміз
Адал қызмет етіп жүр елімізге.
Адырбегім ақыны халқымыздың,
Әмір мәжит алтыны салтымыздың,
Байкенжеев Бексұлтан -жыр тұнбасы
Мен де артын басамын алтын іздің.
Жаңақорған таусылмас жыр гауһарым,
Тәңір берген анық бақ-нұр жауһарым.
Саясында тербелем Қаратаудың
Медет тұтам жаныма сыр кәусәрін.
Айта берсем бітпейтін ғажабы бар.
Әлемде жоқ ерекше ажары бар.
Жиырма бес мың халықтың баспанасы,
Сексен бес мың халықтың назары бар.
Аман болшы,Отаным салихалы
Сенен тамыр үзбейді тарих әлі.
Түзу шықсын түтінің, бейбіт болшы,
Амандықпен атсыншы әрбір таңың!


  Жайылма ауылы №195 мектеп-гимназиясының
6-сынып оқушысы  Абдуллаев Мұхамедәли Қанатұлы.
13 мамыр 2020 ж. 555 0