Жер нәрінен күш алған
Шіркін, Сырдың қауын-қарбызы. Тәттілігі тіл үйірер шырыны қай кезде де өз қасиетін жойған емес. Оған осыдан 40-50 жыл Сыр топырағында 3000-3500 гектарға дейін қауын-қарбыз егілгенін әлі ұмыта қойғанымыз жоқ. Бұрын Кеңес Одағының түкпір-түкпіріне Жаңақорған мен Бесарық қауын қабылдыу пункттері арқылы күніне бірнеше эшолон кетіп жататын. «Бірлік» кеңшарының Ыдырысов Сардар басқаратын №1 бөлімшенің бақшашылары Досымбеков Асан, Ыдырысов Қасқырбай, Сманов Мақұлбеков еккен бақшадағы үлкендігі 50-60 келі тартатын нән қарбыздар кімнің де болса әуесін келтіретін. Сол кездері Шұқыройдың тегістігіне егілген қарбыз бен қауынның қадірін біле бермеппіз де. Үлкендігі сондай болмағанмен 35-45 келі арасындағы қарбыздарды жақында «Ақүйік» ауылдық округінің бақшашысы «Мырзахмет» шаруа қожалығының төрағасы Мейрамхан Серқұловтың бақшасын аралау барысында кездестірдік.
Ұзынқұлақтан естіген соң жақсыны көрмек үшін деп жолға шықтық. Біз мінген көлік шаруа қожалығының дала қосына келіп тоқтағанда алдымыздан қырықтың қырқасына шыққан орта бойлы жігіт алдымыздан шықты. өзін Мейрамхан Серқұлов деп таныстырған жігіт аман-саулықтан соң, бақшаға бастады. Алты қанат киіз үйдің жанында 10-15 метрдей жерге гүл егіліпті. Қожалық төрағасы өздерінің кәсібі жайлы да біраз мағлұмат беріп тастады.
– Шаруа қожалығын 2000 жылы аштық. Өзіңізге жақсы белгілі, 1997 жылы өндірістік кооператив тарқағаннан кейінгі 2-3 жыл тау беткейдегі ауыл тұрғындарының көбісі болашағын не күтіп тұрғанына көздері жетпей абдырап, тоқырап қалдық. Мұның үстіне өндірістік кооперативтің бар қарызын үлескерлерге берді. Бұрынғы Кеңес заманындағыдай сенің қамыңды жеп, мынаны былай істе дейтін, жұмысты бастандырып жіберетін ешкім жоқ. Алғашқы жылдары біз де пай үлестерімізді қолынан іс келеді – ау деген азаматтарға сенімді басқаруға беріп, біраз шаруа бастағанымызбен жыл соңында белгілі нәтижеге жете қоймадық. Үлеске тиген техникаларды салықтан құтылу үшін өткеніне саттық. Қарапайым тілмен айтқанда «Айран ішкен басшылар құтылды да шелек жалаған қарапайым халық осылайша тұтылды». 1999 жылдың соңына отбасымыз болып ақылдаса келіп өзімізге тиісті пай үлесімізді сенімді басқаруға берген азаматтан алып, өздігімізше жеке шаруа қожлығын ашуға бел будық. 2000 жылы «Мырзахмет» шаруа қожалығын құрып Ақүйік өзенінің жоғарғы жағындағы «Шеңгелді», «Ақ киіз» бен «Жол өткенге» егіс егуді қолға алдық, деген төрағаның сөздерінен біраз жайтқа қанықтық.
Мейрамханның айтуынша, сол жылдары Ақүйік өзенінің төменгі жағы жазда кеуіп кететін болған. Соған орай 0,05 гектар жерге түрлі бақша дақылдарын егіпті, мал да өсіріпті. Одан зиян шеге қоймапты. Отбасының ішкі мұқтаждығы шешілгенімен сатып пайда табу қажет. Жауын-шашын аз болып, аяқсу тапшылығынан артық егіс еге алмаған. Осыдан 4 жыл бұрын үлкен трассаның күншығысынан арнайы жер ашылып төрт ауылдық округтің адамдарына бақша дақылдарын егуге мүмкіндік болып, бұлар осында ауысыпты. Кең егісті алқапта қызанақ пен сәбіз, қияр мен картоп бітіп тұр. 3-4 адам қияр мен қызанақ теріп қаптауда. Олармен амандасып бақшаны бойлай жүріп кеттік. Алқаптың бір жағы қарбыз бен қауындыққа ұласса, оңтүстік шығысы түгелімен асқабақ пәлегі. Қалың жапырақ арасынан үлкендігі керсендей –керсендей асқабақтар көрінеді.
– Биылғы жылы Шұқыройда су аздау болғанына байланысты жұмысты кештеу бастадық. Сәуірдің ортасына тауға жауған жаңбырдың арқасында Шұқыройға недәуір су түсті. Қауын – қарбызды пленка астына сәуір айының соңына қарай егуді бастадық. Қарбызымызды бір-екі рет Ресей мен өзіміздің солтүстік облыстарға жібердік. Шүкір, табыс жаман емес. Мұның үстіне жаз соңына қарай пісетін қазақы қарбыз бен қауын да еккенбіз. Осы біздің маңымызда 5-6 шаруа қожалығы бар. Оларда жоқ қысқа сақтауға төзімді қыртысы қалың қазақы ала қарбызын еккенмін. Мақтанғаным емес, бұл қарбыздар қыстық қара қарбыздардан бір жарым, екі есе деп алдымызға түсіп нән қарбыздар егілген жаққа беттеді.
Десе дегендей, үлкендігі 40 литрлік самауырдай ала қарбыздар жатыр. Байқап көрсек құшағымыз жетер емес. Ұзынқұлақтан естігеніміз бекер болмады. Жұмысшы жігіттердің айтуына қарағанда бұл қарбыздардың пісуіне әлі біраз уақыт бар көрінеді. Шаруа қожалығы төрағасының айтқанынан біраз жайға қаныққандай болдық. Осында егілген бақша дақылдарының біразын Жаңақорған базарына шығарса, екінші жартысын өз ауылының дүкендеріне базар бағасынан төменгі бағада өткізеді екен. Мына бүгінгі қызанақ пен қиярлар да ауылға жіберілгенін көрдік. Жалпы қожалық қайырымдылық шараларына да атсалысудан тыс қалмайтын көрінеді. Қайырымдылық шаралары туралы айтылғанда Мейрамхан былай деген еді:
Қайырымдылық шаралары жылына 4-5 рет өтеді. Соған орай үлесімді ауылдық округ әкімдігіне қаржылай қосып отырамын. Бүгін өзіңіз көріп отырсыз әлі де болса 2-3 рет қауын-қарбыз артуға мүмкіндігіміз бар. Қазақы қауын қарбыздарды ауылға апарып арзан бағада өткіземіз. Осы бақша дақылдарының арқасында бір доңғалақты трактор, бір «Газ-53», «Газ-69» бен «Нива» автокөлігін алдық. Ауылға апаратын бақша дақылдарын осы техникалармен жеткіземіз.
Иә, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» демекші, бір ғана өзіне емес, бірнеше жанға ырыс-несібе болған бақшалық алқапқа аялай қараған жігіт жанарынан қайрат пен қайсарлық, еңбекқорлықтың нышаны менмұндалап тұрды. Шынында, адал еңбектің дәмін татқан адам жерден айырылмақ емес, өйткені ол жерден күш алады.
Ерубай ҚАЛДЫБЕК,
ҚР журналистер
одағының мүшесі