№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отбасылық бизнес – өмірлік бизнес

Отбасылық бизнес – өмірлік бизнес

«Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды» деген қазақта қанатты сөз бар. Әсілінде, адам баласының аузына ана сүтінен бастап, мына жалған тіршілікте түрлі тағам дәмін тату пенде пешенесінен айналып өтпейтіні ақиқат. Осы ризық-несібеге қол жеткізудің өзі адамның іс-әрекетіне байланысты болса керек-ті. Бірі мамандық алып сол жолда қызмет етсе, енді бірі кәсіп ашып ісін дөңгелетуде. Ал Гүлдана Қайбуллақызы осы аталған екі бағытты да ұстанған жан.
Туған күн, үйлену тойы, тағы басқа мерейлі мерекелердің көркіне айналған тәтті торттан  бас тартатын жан жоқ шығар, сірә! Дәмі тіл үйіретін, дастархан сәніне айналған бұл дессертті балалар ғана емес, ересектер де сүйсініп жейтіні жасырын емес. Дүкен сөрелерінде тұрған торт түрлерінің көптігі сонша, дәмі, безендірілуі жағынан бір-бірінен асып түседі. Бағасы қалтаға қонымды болғанымен, өз асүйіңде қолдан дайындалған тәттіге жетпейді. Егер қиялыңыз шексіз болып, бәліштердің сан түрін пісірсеңіз бұл кәсіп түрін мол пайда табатын табыс көзіне айналдыруға болады. Дсы бағытта кәсібін дөңгелетіп отырған Гулдана тапсырыспен түрлі тәттілер пісіріп, халықтың ықылысына бөленіп жүр.
– Түрлі іс-шаралардың сәніне айналған торттар мен тәтті бәліш, дессерттер пісіруге деген қызығушылығым мектеп қабырғасында жүргенімде басталды. Асханадағы басты ұстазым анам болды.Қолынан шыққан әр дүниесіне қызыға қарап, өзім де пісіріп шығаруға тырысатынмын. Бірақ қыз баласы оқып, мамандық иесі атану керек деген желеумен оқу оқыдық. Алайда жүрек қалауы бәрібір осы асханадағы тәттілер әлеміне бұрып, қайта қолға алдым. Қазіргі таңда сатып алушылардың қалтасына қонымды, қолжетімді бағада тапсырыс бойынша пісіріп сатудамын, – дейді жас кәсіпкер.
Алғашқы тапсырыс өз ағайындарынан түскенін күле еске алған кейіпкеріміз, қазіргі кезде тәттілері ойдағыдай шығу үшін бар ықылас-ниетін салып пісіруге тырысады. Кей кездері күніне 6-7 тортқа дейін дайындап, бос уақыты болмайтынын, тіпті ұйықтамаған кездері де болғанын сөз етті. 
Тапсырыс берушілердің талғамы көбіне «Медовик» тортына түседі. Одан кейін «Красный бархат», «Вупи-пай» тәттілері. Өйткені мұның майлылығы аз, әрі бағасы әдеттегі торттардан сәл қымбатырақ. Себебі, қосатын қоспаларының өзі сапалы өнімнен дайындалады. Оннан аса торттың түрін еркін меңгерген Гулдананың басты мақсаты тұтынушы көңілінен шығып, алғысына бөлену.
– Адам қиялы шексіз ғой. Кейде бір үлкен цех ашсам деп армандаймын. Мамандығымның аспаздық салаға түк қатысы жоқ. Ауылшаруашылық мамандығы мен мұғалімдікті оқығанмын. Бірақ тәттілерге деген қызығушылық басымырақ болып, арман-тілегіме деген қадамды отбасыммен осы кәсіптен тапқым келеді. Балаларым мен жарыма да уақыт тауып, олардың қажеттіліктерін жасауда мүмкіндігімді барынша  тиімді пайдалануға тырысамын. Өйткені жақсылап қолға алып аяғына дейін барамын десеңіз торт пісіру мол табыс көзін табуға болатын кәсіп түрі, – дейді Гулдана Сайдкулова.
Тәтті пісіріп сатушылардың барлығы да бұл саланы алғашында хобби ретінде бастап, кейін кәсіпке айналдырған. Қолдан келсе қабілетті пайдаланып, неге ақшаға айналдырмасқа? Үйреніп, білгісі келген адамға кедергі жоқ.Бастысы ниеті түзу,еңбегі адал болса болғаны.
                        Лаура БИБАСАРОВА
22 тамыз 2020 ж. 822 0