№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сұранысқа ие торттарды Нүрила дайындайды

Сұранысқа ие торттарды Нүрила дайындайды

 Артық салмақтан қорықсақ та, тәтті торттан бас тарта алмаймыз. Бұл - барлық нәзік жандылардың басты дерті. Асханада әр әйел пысық. Кейде «ойбай, ондай дәмі тіл үйретін тортты маған пісіру қайда?!» деп артқа шегініп қаламыз. Алайда, бұл - қате пікір. Бір әйелдің пісіргенін екінші ару да дайындай алады. Бастысы, ниет болса жеткілікті, – дейді торт дайындау шебері жерлесіміз Нүрила.

  Вупи пай  

    Атауын естіген кезде сілекейіңіз ағып кетті ме?! Расында, шоколад дәмі бар "Вупи пай" балалық кезді еске салатындай. Ал, оның неліктен дәл осылай аталғанын көпшілік біле бермейді. Массачусетс, Нью-Гемпшир, Пенсильвания және Мэн штаттары күні бүгінге дейін аталмыш тортқа таласып келеді. Шындығында, 1920 жылдан бастап "Вупи пай" торты сатылымға шыққан. Алайда,Whoopie Pie деген атау ресми түрде 1928 жылы алғаш қолданысқа енген.

Қызыл мақпал (Красный бархат)

   «Красный бархат» торты соңғы жылдары үлкен сұранысқа ие. Алайда, бұл жаңадан пайда болған торт емес. Ол – нағыз классика. 19 ғасырдан бастау алған «Красный бархат» қалай және қайдан пайда болғаны туралы нақты деректер жоқ.
«Мақпал торты» «қызыл» деген тіркессіз сонау АҚШ-тағы азаматтар соғысынан кейін пайда болған. Нәзік, жұмсақ, тәтті десерт болғандықтан «Мақпал торты» атаған. Ал, көпшіліктен жасырын ұстаған бұл торттың рецептісін 1871 жылы жариялады. Қызыл деген тіркесті құрамындағы қоспасы үшін 1950 жылы иемденген.  

Сүтті қыз (Молочная девочка)
   «Молочная девочка» атты десерт те қазір сәнде. Өйткені, оның құрамы алдыңғы қос торттың құрамындай қымбатқа соқпайды. Қолжетімді бағадағы торт расымен де дәмді. Айтпақшы, бұл тәтті торттың тарихы Германия елінен бастау алған. Құрамында тәтті қою сүт болғандықтан, ерекше атау іздеп бас қатырмағанға ұқсайды. Нүрила тапсырыс қабылдайды. Хабарласу телефоны 87071778692.

Дайындаған Ерлан РАЙМБЕК.




04 желтоқсан 2018 ж. 1 845 0