№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Нәзік" гүл дүкені ашылды

"Нәзік" гүл дүкені ашылды


Табиғаттың төл туындысы – гүлдер әр заманда әдемілігімен бір бөлек әлем. Аналар мен сүйіктілерге, сіңілі мен қарындасқа көрсетілген құрмет пен сезімді жеткізудің керемет тартуы. Бұл нәзік сыйда зор мағына бар. Аудан орталығынан енді ғана ашылған «НӘЗІК» гүлдер әлемі әлеуетке осы жағынан көмектеспек. Иә, кәсіптің түр-түрін игерген жаңақорғандық кәсіпкерлердердің қатары енді Айда Әбен есімді жаңа есіммен толықты.

Осындай атаумен ашылған гүлдер әлемінің ашылу салтанатына қатысқан аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев :
– Аудан шағын және орта бизнес көздерін ашуда басқа облыстармен салыстырғанда көш ілгері. Осындай кәсіп түрлері елдің экономикалық қуаттылығын арттырып, бәсекеге қабілеттілікті шыңдайтын болады. Бүгінгі есігін айқара ашқалы тұрған гүлдер дүкені осындай игі мақсатта жұмыс жасайды деген сенімдемін. Сондықтан дүкеннің табысы молынан болып, талғамы биік тұрғындардың тапсырысына сай қызметтеріңізді жасай беріңіздер, – дей келе, «НӘЗІК» гүл дүкенінің лентасын қиды.
Әдемі гүлдер біз бен сізді қуантады. Гүл дүкенінің иесі Айда Әбен былай дейді.
– Бір кәсіптің түрін бастасақ деп жолдасымыз екеуміз көптен ойланып жүргенбіз. Содан бір күні дастархан басында анамыздың ойын білмекке ұсынысымызды айтып көрдік. Сонда анам гүл дүкенін ашсаңдар жаман болмас еді деген ойын айтты. Содан ойлана келе көктемнің алғашқы мерекесіне орай анамызға тосын сый ретінде осы «НӘЗІК» гүл дүкенін ашқан жайымыз бар, – дейді жас кәсіпкер.
Дүкен енді ғана ашылғанымен тұтынушыларға түрлі жеңілдіктері де бар екен. Барлық гүл түрлері нарықтағы бағадан 10-15 пайызға арзанға сатылуда, тапсырыс беріп сатып алушылар орталықта орналасса жеткізілу жағы тегін, ал былайынша 500 теңгеден басталатынын айтты. Мұнда раушан гүлдері 1500-2500 теңге, ал бөлме гүлдері 2500-3500 теңге аралығында. Қасиетті жұма күні келіп сауда жасайтын болсаңыз жеңілдік жасалатынын тағы біле жүріңіз.
Гүлдің өзімен қоса, таңдаған түсіне қарап оны сыйға тартқан адамның сезімін, көзқарасын білуге болады. Мәселен, гүлдің түсі алқызыл болса, ол жастықты, ибалылықты білдіреді. Ал қызыл гүл құмарлық пен махаббатың белгісі. Сары түс күн шуағы, байлықтың нышаны болса, жауқазын қыз балаға нәзік гүлдерді сыйға тартады екен. Кәсіп иесі сұхбат барысында осындай ойымен бөлісті.
Сондай-ақ, дүкен сөрелерінде десте гүлмен бірге, бөлме гүлдері, түрлі ойыншықтар, әйелдер мен ерлерге арналған арнайы сыйлық қобдишалары да көзге шалынды. Букет гүлдің әзірге екі түрі ғана шығарылыпты. Олар раушан гүлі мен хризантема. Бөлме гүлдерінің де 20-дан аса түрін осы жерден кездестіресіз.
– Мұндағы тауарлар шынымен де арзан. Біздің ауданда осындай дүкен ашылғанына қуаныштымыз. Енді міне, мыңдаған адамға қызмет көрсететін дүкен қызметі ұзағынан болсын, – дейді «НӘЗІК» гүл дүкенінің алғашқы тұтынушысы Ғалия Тасмұратова.
Бұл гүлдер Алматы қаласы арқылы Голландиядан тікелей тапсырыс арқылы алынса, бөлме гүлдері Түркістан, Шымкент қалаларынан жеткізіледі екен. Әр апта сайын жаңа түсімдер болып тұрады. Сондай-ақ, сирек кездесетін гүлдерге де тапсырыстар қабылдайды екен. Айта кететіні, мұнда қораптағы гүлдермен қатар жеміс-жидектер мен тәтті шоколадтан да букет жасалынып саудаға шығарылатынан хабардар болдық. Біздің бір байқағанымыз, жаңа ашылған дүкеннің тауарлары аудан тұрғындарының көңілінен шығып үлгерді.

Лаура БИБАСАРОВА
22 ақпан 2020 ж. 1 721 0