№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қауіпті індеттен қалай сақтанамыз?

Қауіпті індеттен қалай сақтанамыз?


Ауданда осы жылдың 7 айында аса қауіпті жұқпалы Қырым қанды геморрагиялық қызбасы ауруының (КГЛ) ықтималды жағдайымен 2 жағдай тіркелді. 100 мың халыққа шаққанда аурушаңдық көрсеткіші 2,3 құрады. Аурушаңдық көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда артып аудан көлемінде аса қауіпті жұқпалы Қырым қанды геморрагиялық қызбасы ауруының эпидемиологиялық ахуалы алаңдатуда. Қауіпті індеттен қалай сақтанамыз? Осы жайында айтуды жөн санадық.


Науқастың екеуі де ер азамат, Құттықожа ауылы мен Қандөз елді мекенінен шығып отыр. Дертанықтамасы зертханалық жолмен дәлелденіп нақтыланды,өкінішке орай науқастың медициналық көмекке кеш жүгінуінен Құттықожа ауылындағы жағдай адам өлімімен аяқталды. Нақтырақ айтқанда, екі науқас та мал шаруашылығымен айналысқан,шөп шапқан. Қоршаған ортада әр түрлі жұқпалы ауруларды тарататын жәндіктердің белсенділігі арта түседі,солардың бірі – кене. Аш кенелер күннің көзі жылысымен, жылу қанды жануарларға шабуыл жасайды, олардың ішінде үй жануарлары және адамдар да бар. Кененің шағуын үнемі байқау мүмкін емес. Өйткені кене өз денесінен арнайы ферментер бөлініп, шаққан орнын көп жағдайда білдірмеуге тырысады. Тұмсығын тері қабатына енгізген кене майда қан тамырларынан көректене бастайды. Сол жерден тойған мезетте бірнеше мың жұмыртқаларын тері астына тастап, сол мезеттен бастап ауру белгілерін шақыра бастайды.
Ауру қоздырғышын алғаш М.И.Чумаков тапқан. Қоздырғыш -өз құрамында РНК сақтайтын вирус, бұл ауруды таратушылар иксод кенелері болып табылады. Ол табиғи ошақ аурулары қатарына жатады. Ауру тасымалдаушы кенелердің кейбір түрлері ағзасында ауру қоздырғыш вирусы өмір бойы сақталып өтеді. Қырым-Конго қанды безгегінің жасырын кезеңі орта есеппен 2-7 күнге, кейде 12 күнге дейін созылуы мүмкін. Аурудың басталуы дене қызуының 39-41 градуске дейін жоғарылап, дененің қалтырауымен, қатты бас ауыру, буындардың, белдің,іштің, балтырдың ауруымен басталады. Науқас әлсіреп,бүкіл ағзасы ауырады. Жүрегі айнып, құсуы мүмкін және бұл тамақ жеумен байланысты болмауы керек. Бетінің, мойны және көкірегінің жоғарғы бөліктері қызыл-қошқыл түске боялып, қызарады, көзі қанталайды, тамағы қызарады, көз қабығының қабынуы байқалады. 2-5 күндері қан-тамырлық белгілер басталады: ине шаншыған орындарда көгеру пайда болады, науқастың көкірегі мен ішінде майда қан тамырлық бөртпелер пайда болады, мұрнынан, тісінің қызыл етінен, ішектерінен, асқазаннан, жатырдан кейде асқазаннан қан кету басталып, адамды қазаға ұшыратуы мүмкін. Бұл дерттің қауіптілігі сол, осы аурумен сырқаттанған адамның қаны сау адамның денесіне тисе, осы дерттің жұғуына себепші болады. Осы кезге дейін бұл ауруды емдейтін арнайы емі жоқ. Сондықтан аурудың алдын-алу жолдарына зор мән беріледі.
Індетті болдырмас үшін адам тұ­ра­тын жерлерде кенелерді жою шара­ларын керек.Малға кене жабыспау үшін малды дәрілеп, тоғыту керек. Осы жерде айтатын басты мәселе, малға жабысқан кенені еш уақытта қайшымен қырқып, қолмен жұлып алуға болмайды. Кенесі көп жерде сақтану үшін арнаулы киім (комбинизон ) киіп жүру керек. Егер ол болмаса шалбардың балағын етіктің ішіне салып, белбеумен бай­лаған жөн. Үйге қайтқанда басты басты, мойынды, қолтықтың астын мұқият қараған дұрыс. Денеге жабыс­қан кенені ақырын еппен алу керек. Ол үшін кененің үстіне сұйық май немесе керосин тамызса, кененің тыныс мүшелері бітеліп, тез шығуына себепкер болады. Ал жұлып алғанда, оның аяғының тікенектері адамның терісінің астында қалып қояды да жара пайда болады. Кенені алып тастаған соң орнына иод немесе спирт жағу керек. Ешқашанда кенені сығып өлтіруге болмайды, өйткені оның вирусы тері арқылы адам денесіне өтіп кетуі мүмкін.
Жалпы ауданда Конго Қырым геморрагиялық қызбасынан қолайсыз 15 елді мекенге (Жаңақорған кенті, Аққұм, Кейден, Бірлік, Екпінді, Қосүйенкі, Қожакент, Қандөз, Көктөбе, Сүттіқұдық, Машбек, Төменарық, Қыр­кеңсе, Жаңарық елді мекендеріне кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары жүргізілген. «Сақтансаң сақтаймын» деген қағиданы ұстана отырып, әркім­нің денсаулығы өз қолында екенін ұмытпаңыздар.

Нысанкүл Кәуленова,
бас маман.
12 тамыз 2020 ж. 649 0