№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауданда КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫМЕН БІР ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

Ауданда КОНГО-ҚЫРЫМ ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ҚЫЗБАСЫМЕН БІР ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ

Жаңақорған ауданында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен науқастанған 1 жағдай тіркелді. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық орталығы "Фейсбук" әлеуметтік парақшасында хабарлады.


  
Науқастың диагнозы зертханалық жолмен нақтыланды. Қазіргі таңда науқас Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдауда. Ауру ошағында індетке қарсы және алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені толығымен орындалуда. Науқаспен қарым–қатынаста болған 19 адам анықталып, қатынаста болғандар арасында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына күдіктілер анықталған жоқ.
    Кене шағу жағдайы орын алғанда міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша медициналық көмекке жүгінуіңіз қажет. Ерте кезеңде медициналық көмекке жүгіну арқылы аурудың асқынуын болдырмауға болады.

31 қазан 2018 ж. 1 279 0