№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қауіптің алдын алу – ортақ міндет

Қауіптің алдын алу – ортақ міндет


Аудан әкімінің мәжіліс залында өткен көшпелі отырыста «Қырым–Конго» қызбасының алдын алу және жұқпалы ауруларды болдырмау мақсатында көктем-жаз айларының жұмысы пысықталып, күзгі науқанға дайындық жоспарланды.
Облыста 292 адам жалпы кене шағу жағдайымен тіркелсе, Конго-Қырым геморрагиялық қанды безгегіне күдікті 2 адам анықталған. Жалпы, облыстық бюджеттен жылма-жыл қомақты қаржы бөлініп, індеттің алдын алу шаралары ұйымдастырылып келеді. Биыл бөлінген қаржыға бірінші кезектегі залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген. Өңірде 100 елді мекен қолайсыз аймақ ретінде белгіленсе, оның 19-ы Жаңақорған ауданына қатысты. Оған биылғы жылы тағы да 21 елді мекен қосылса, оның екеуі ауданға тиісті екені айтылды. Сала басшыларының айтуынша, биылғы маусым жылы әрі жауын-шашынды болғандықтан кене таралу қаупі жоғары, соған орай жұмыстар көлемі де екі есеге ұлғайған.
– «Біткен іске сыншы көп» дегендей залалсыздандыру жұмыстарының сапалы жүргізілуі тек тапсырыс берген мекеменің ғана емес, осы бағытта жұмыс атқарып отырған барлық тиісті сала басшыларының, аудан және қала әкімдерінің тікелей міндеті. Ауылдағы шаруақожалықтар мен тұрғын үй-жайларды көң мен қи үйінділерінен арылту қажет. Оны тазартпайынша жұқпалы ауруларды құрықтай алмаймыз, – деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ерсұлтан Амантайұлы.
Осы мәселелерге орай аймақтық ветеринария басшысы жауапты сала мамандарына тазалық сақтау жөнінде тапсырма берді. Аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Нұрлан Беркімбаев аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыс жайында сөз өрбітті.
– Эпизоотияға қарсы іс-шараларға 161653,0 теңге қаржы бөлініп, аса қауіпті ауруларға қарсы профилактикалық екпе салынды. Ауруларға қарсы диогностикалық зерттеу жұмысы жүйеленді. Соңғы бес ай қортындысында 130400 бас ірі қара малға, 627000 бас уақ малға, 1300 түйеге, 6600 жылқы малына құтыру ауруы мен дигельминтизация жасалды. Көктемгі залалсыздандыру жұмысы 98,8 пайыз құрады. Оған 9 техника, 11 жұмысшы тартылды, – деді.
Жиында аудан көлеміндегі залалсыздандыру жұмысын «Төрт түлік білгірлері» ЖШС жүргізгені сөз болды. Биылғы көктемгі залалсыздандыру жұмысы 19 елді мекенге, қосымша Шалқия және Машбек ауылдық округіне жүргізілгені айтылды. Өткен жылмен салыстырғанда ауру малдар саны кеміп, мал шығыны тіркелмеген.
Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Муханбетова малдан адамға жұғатын аурулар жайында толық мәлімет бере отырып, Жаңақорғанда бір науқастың менингит ауруымен тіркелгенін мәлімдеді. Бас дәрігер Айна Қарабұзауқызы аурудың алғашқы белгілері мен қауіптен сақтанудың жолын ұсынды.
Басқосуда облыстық көшпелі отырыс мүшелері Ғабит Жаңабаев, Манас Шатенов, Жандос Сәрсенбаев көпшіліктің сұрағына жауап берді.

Мақпал ПАТЕНОВА.
16 маусым 2018 ж. 2 005 2

Гость Jeahulalf от 23 ақпан 2019 21:04
Priligy 30 Mg Dosis Buy Yasmin No Prescription online pharmacy Propecia Al Femminile Lioresal 10mg

Гость Jeahulalf от 12 наурыз 2019 22:47
Aciclovir Cheap viagra Aacifemine Clomid