№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кенеден келетін кесел қауіпті

Кенеден келетін кесел қауіпті

2019 жылы 125 адам кене шағу дерегімен тіркеліп, медициналық көмекке жүгінді. Биыл аудан көлемінде аса қауіпті жұқпалы Конго-Қырым геометриялық қызбасы (КҚГҚ) 15 елді мекенде қауіпті болуы мүмкін. Мұның анық-қанығын Жаңақорған аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі бақылау басқармасының бас маманы Нысанкүл Кауленовадан білдік.
Жаңақорған кенті, Қожакент, Машбек, Төменарық, Екпінді, Сүттіқұдық, Бірлік, Қандөз, Көктөбе, Кейден, Өзгент, Жаңаарық, Қыркеңсе, Қосүйенкі және Аққұм ауылы. Біз жоғарыда атаған 15 елді мекен осылар.
– Бұл елді мекендерде ауыл­шаруашылық малдары мен мал қоралар, суаттарды кенеге қарсы дәрілеу, көктемгі кенеге қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізу аса маңызды. Алдымен қора-жайларды механикалық тазарту (қидан, қоқыстан), жайлаудағы мал қораларын және  айналасындағы аумақты кенеге қарсы өңдеу басталғанға дейін тазалауды ұйымдастыру сәуірдің 1-не ұйымдастыру керек, – деді сала маманы.
«Конго Қырым қанды безгегі» ауруы жайлы тоқтала кетсек. Қоздырғыш өз құрамында РНК сақ­тайтын вирусы табылса, бұл ауруды таратушылар иксод кенелері болып табылады. Ол табиғи ошақ аурулары қатарына жатады. Ауру тасымалдаушы кенелердің кейбір түрлері ағзасында ауру қоздырғыш вирусын өмір бойы сақтап өтеді. Аурушаңдық көп ретте көктем мен жазғы маусымда тіркеледі. Конго-Қырым қанды безгегінің жасырын кезеңі орта есеппен 2-7 күнге, кейде 12 күнге дейін созылуы мүмкін. Аурудың басталуы дене қызуының 39-41 градусқа дейін жоғарылап, дененің қалтырауымен, қатты бас ауыру, буындардың, белдің, іштің, балтырдың сырқырауымен басталады.
– Бұдан басқа қандай белгілері байқалады?
– Науқас әлсіреп, бүкіл ағзасы ауырады. Жүрегі айнып, құсуы мүмкін және бұл тамақ жеумен байланысты болмауы керек. Бетінің, мойны және көкірегінің жоғарғы бөліктері қызыл-қошқыл түске боялып, қызарады. Көзі қанталайды, тамағы қызарады, көз қабығының қабынуы байқалады. 2-5 күндері қан-тамырлық белгілер басталады. Ине шаншыған орындарда көгеру пайда болады, науқастың көкірегі мен ішінде майда қан тамырлық бөртпелер пайда болады. Мұрнынан, тісінің қызыл етінен, ішектерінен, асқазаннан, жатырдан қан кету басталып, адамды қазаға ұшыратуы мүмкін, – деді.
Сондай-ақ бұл дерттің қауіптілігі сырқаттанған адамның қаны сау адамның денесіне тисе, осы дерттің жұғуына себепші болады. Осы кезге дейін бұл ауруды емдейтін арнайы ем жоқ. Ауру тарататын кенелердің көбі үй жануарларының қанымен қоректенеді. Сондықтан малға кене жабыспау үшін малды дәрілеп, тоғыту керек. Осы жерде айтатын басты мәселе, малға жабысқан кенені еш уақытта қайшымен қырқып, қолмен жұлып алуға болмайды.
– Кенесі көп жерде сақтану үшін арнаулы киім киіп жүру шарт. Егер ол болмаса шалбардың балағын етіктің ішіне салып, белбеумен байлаған жөн. Үйге қайтқанда басты, мойынды, қолтықтың астын мұқият қараған дұрыс. Денеге жабысқан кенені ақырын еппен алу керек. Ол үшін кененің үстіне сұйық май немесе керосин тамызса, кененің тыныс мүшелері бітеліп, тез шығуына себепкер болады. Ал жұлып алғанда, оның аяғының тікенектері адамның терісінің астында қалып қояды да жара пайда болады. Кенені алып тастаған соң орнына иод немесе спирт жағу керек. Ешқашанда кенені сығып өлтіруге болмайды, өйткені оның вирусы тері арқылы адам денесіне өтіп кетуі мүмкін, – деді кейіпкеріміз.
Кенелер көктем айларында қысқы ұйқыдан соң аш болғандықтан, кез келген ағзадағы жылы қанға шабуыл жасайды. Кенелерде жылы қандылардан бөлінетін инфрақызыл сәулелерді дәл анықтайтын сезім мүшелері жақсы жетілген. Қанға тойған әрбір кене 10 мыңға дейін жұмыртқа тастап, өз денесіндегі вирусты ұрпағына трансовариалды жолмен береді, яғни вирус тасымалдаушы кенеден тараған ұрпақ түгелімен қырым-конго қанды безгегінің вирусын жұқтырады.
Алдын-алу жұмыстары медици­налық, ветеринарлық, шаруашылық және атқарушы органдардың қаты­суымен кешенді түрде жүргізіледі. Оның ішінде науқастарды ерте анықтау, оларды оқшаулап, емдік шараларын көру, ауру ошағында залалсыздандыру жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар зоологиялық-паразитарлық топ жұмыс жа­сайды, далалық материалдар жи­нақталып, зертханаларда зерттеледі. Қолайсыз деп саналатын аймақтарды кенеге қарсы улау шаралар елді мекендердің айналасында 300 метр радиуста санитарлық-қорғаныс белдіктері құрылады.
Сондықтан «сақтансаң сақтаймын» деген қағиданы ұстана отырып, әркім денсаулығына барынша мұқият қараған жөн. Коронавирус деп, төрт-түліктен келетін індетті де ұмытпаған жөн, ағайын!


Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
01 сәуір 2020 ж. 668 0