№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордада ер адам Конго-Қырым қанды безгегіне шалдықты

Қызылордада ер адам Конго-Қырым қанды безгегіне шалдықты

    Науқас емдеу орнына ауыр халде жеткізілген.   «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде Конго-Қырым қанды безгеніне шалдығу жағдайы тіркелді. Науқастың диагнозы зертханалық жолмен нақтыланды. Қазіргі таңда ол Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдауда», - деп мәлім етті облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен. Атап өтілгендей, науқас мал шаруашылығымен айналысады.
Осыған орай, эпидемиолог мамандар қора-қопсыдағы төрт түлікті тексерген. Нәтижесінде сиырдан бірнеше кене табылған. Лабораториялық зерттеуден кейін ол улы жәндік екені анықталды. «Ауру ошағында індетке қарсы және алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені толығымен орындалуда. Науқаспен қарым-қатынаста болған 19 адам тіркеліп, олардың арасында Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығу күдігі анықталған жоқ. Кене шағу жағдайы орын алғанда міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша медициналық көмекке жүгінуіңіз қажет. Көмекке ерте жүгіну арқылы аурудың асқынуын болдырмауға болады», - делінген департамент хабарламасында. Қазір науқастың жағдайы бірқалыпты. Конго-Қырым қанды безгегіне шалдығу дерегі Жаңақорған ауданында биыл екінші рет тіркелді. Биылғы тамыз айында осы ауданда 38 жастағы әйел аталмыш диагноздан қайтыс болған еді. Сондай-ақ Сыр өңірінде кене шағу қаупі жоғары елді мекендер саны өткен жылға қарағанда 10 ауылға көбейген.    
inform.kz
31 қазан 2018 ж. 1 315 0