№37 (8951) 19

19 мамыр 2026 ж.

№36 (8950) 16

16 мамыр 2026 ж.

№35 (8949) 13

13 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАН ӘКІМДІГІНЕН АРНАЙЫ CАLL ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАН ӘКІМДІГІНЕН АРНАЙЫ CАLL ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ.


Аудан әкімінің 29 маусымдағы №110-ө өкіміне сәйкес Жаңақорған кентінің тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша Жаңақорған ауданаралық ауруханасы жанынан медициналық көмек көрсететін 4 жылжымалы бригада тұрғындарға уақытылы, сапалы көмек көрсету жұмыстарын жүргізетін болады.



Аудан әкімдігінен арнайы cаll орталығы іске қосылды. Телефон номері: 21-4-34. күндізгі сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін медициналық көмекке мұқтаж, дәрі-дәрмек қажет ететін, екпе салдыратын тұрғындардан қоңырау қабылдайды.
Жауапты – аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Қуаныш Нарзілдәұлы.

Бұл қызметті жедел-жәрдем қызметімен шатастырмау қажет. Аудан әкімдігінің қолға алған шарасы. 4 бригада 4 көлікпен қамтамасыз етілді. Бұл қызметті үйлерінде өз бетінше ем қабылдап, сырқаттанып жатқан азаматтар пайдалана алады.

Медициналық көмек көрсету бригадасы Жаңақорған кентінде 2 бағытта (темір жолдың оң жағы мен сол жағы) жұмыс жасайды.

ТЕМІР ЖОЛДЫҢ ОҢ ЖАҒЫНА (Сырдария беткейі) бөлінген медицина қызметкерлері:

Ибадуллаев Нариман – Жаңақорған аудандық емханасының фельдшері, телефон номері 8 775 3903838;

Абдужаппарова Аяужан – Жаңақорған аудандық емханасының мейірбикесі, телефон номері 8 778 498 5778.

ТЕМІР ЖОЛДЫҢ СОЛ ЖАҒЫНА (Қаратау беткейі) бөлінген медицина қызметкерлері:

Дүйсенов Бағдат – Жаңақорған аудандық емханасының фельдшері, телефон номері 8 701 112 8745.

Тұрдәлі Меруерт – Жаңақорған аудандық емханасының мейірбикесі, телефон номері 8 707 635 7330.
29 маусым 2020 ж. 808 0