№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тегін дәрі-дәрмек кімдерге тиесілі?

Тегін дәрі-дәрмек кімдерге тиесілі?


Қызылорда облысы бойынша 66 571 тұрғындарға жолдама арқылы 210 230 дәрілік заттармен қамтамассыз етілді. Дәрілік заттардың жалпы құны 1,7 млрд.теңгені құрады.

Тегін дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру барысын бақылау нәтижелері белгілі болды.
2019 жылдың сәуір-маусым айла­рында тегін дәрі-дәрмек алғандар тізіміне енген пациенттердің телефондарына SMS-хабарлама жіберілді. Барлығы 1 миллионнан астам SMS-хабарлама жіберілген. Хабарламада рецептінің нөмірі мен дәрінің берілген күні көрсетілді. Препараттар шын мәнінде қолына тимеген пациенттерге SMS-хабарламаға жауап ретінде «0» цифрын жолдау немесе «СҚ-Фармация» ЖШС-нің 1439 байланыс нөміріне қоңырау шалу ұсынылған болатын.
Қызылорда облысының тұрғындарына 43 262 SMS-хабарлама жіберілді, нәти­жесінде 348 адам дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдамады, деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының об­лыс­тық филиалының директоры Руслан Бектібаев.
Жалпы SMS-хабарлама қорытындысы бойынша, Қорға 27 798 пациенттен жауап келді. Оның ішінде 4 137 пациенттің дәрі-дәрмекті алмағаны анықталды.
Дәрі-дәрмектің қолға тимегені туралы хабарламаның басым бөлігін Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары жолдаған.
Сондай-ақ, бұл мониторинг жа­зыл­ған рецептілер мен қолма-қол беріл­ген дәрі саны бір-біріне сәйкес келмейтін 10 медицина ұйымын анық­тауға мүмкіндік берді. Олардың қатарындаАмбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш АОА, Қызылорда облыстық медицина орталығы, Маң­ғыстау облысындағы №1 Ақтау қалалық емханасы, Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан аудандық орталық ауруханасы, Жетісай аудандық «Асықата» ауруханасы, Түркістан облысындағы Түлкібас аудандық орталық ауруханасы, Алматы облысындағы Талғар және Іле аудандық аудандық орталық ауру­ханалары бар.
Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры өткен жылдың басында кепілдендірілген тегін көмек пакеті шең­берінде берілетін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарына ақы төлеу тәртібін өзгерткен болатын.
Қор былтыр дәрі қолма-қол берілген және «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» ақпараттық жүйесіне енгізілген рецептілерге ғана ақы төлеуге көшті. «Пациенттерден келіп түскен барлық хабарламаларды Қор тіркеуге алғаннан кейін өңдеді. SMS-хабарламалар жүйеге пациенттердің өздерін тартуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде ақпараттық жүйедегі мәліметтер мен дәрі-дәрмекпен нақты қамтамасыз ету көрсеткіші арасында едәуір алшақтық бары анықталды», - деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.
МСҚ республикалық бюджеттен қар­жыландырылатын тегін медициналық көмек (ТМКК) пакетінің және жұмыс берушілер, азаматтар мен мемлекет жарнасы есебінен қаржыландырылатын міндетті әлеуметтік медициналық сақ­тандыру (МӘМС) пакетінің операторы. 2018 жылдан бастап Қор ТМККК пакеті шеңберінде көрсетілген қызметтер ақысын төлеп келеді. МӘМС пакеті бойын­ша қызмет көрсету 2020 жылы бас­талмақ.
Дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды «СК-Фармация» ЖШС сатып алады (МСҚ-мен арадағы келісімшарттан түскен қаржы есебінен). «СК-Фармация» дәрі мен медициналық бұйымдарды келісімшарт бекіткен меди­цина ұйымдарынан түскен өтініштер негізінде сатып алады. 2019 жылы МСҚ мен «СК-Фармация» ЖШС арасындағы келісімнің құны 86,9 млрд теңге болды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалдың халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі.
01 тамыз 2019 ж. 931 0