Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 71

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қайтарымсыз гранттың да сұрауы бар

Қайтарымсыз гранттың да сұрауы бар

Коронавирус әлемнің қалай, қандай бағытта дамуы тиіс екенін көрсетіп берді. Өңдеу өнеркәсібі дамыған, шағын және орта кәсіпкерлігі қалыптасқан елдер карантиндік жағдайға дайын екенін көрсетті. Ал бізде ше? Нарық шарықтап, кейбір тауар түрлері тапшы болды. Енді одан сабақ алу маңызды...
Елдің экономикалық әлеуеті артуында тұрғындардың экономикалық сауаты да шешуші рөл атқарады. Оған кәсіпкерлік бағыттағы мемлекеттік гранттарды тағайындау жөніндегі комиссия отырысында көз жеткізе түстім. 


2020 жылдың маусым айы­ның грантын иеленуге 101 жаңа­қорғандық бизнес жоспарын ортаға салды. Оның 83-нің жос­парын комиссия мүшелері қол­дады. Сонымен кім, не ұсынды? Бірден айта кететіні, кәсіпкерлікті қалыптастырып, дамытуға ниет­тілердің атын атап, түсін түстеуді жөн санамадық...
555 мың теңге көлеміндегі қай­тарымсыз гранттар кәсіпкерлік ашып, оны дамытуға ынталы адам­дарға беріледі. Үміттілер бизнес жоспарының маңызын түсіндіріп, табыс табудың ұтымды жолдарын көрсетіп беруі тиіс.
Жалпы шағын және орта биз­несті дамыту арқылы эконо­ми­калық бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыру, салық базасын кеңейту, жұмыспен қамту және өнім өндіруді жолға қою т.б әлеуметтік мәселелерді шешуге болады.
Әлемде ең озық елдің қата­рында Жапония тұр. Олардың экономикалық тұрғыда шарық­тауының бір сыры – кәсіпкерлік саласын дамыта білуінде. Мәселен, Жапонияның экономикалық, ғылыми және технологиялық же­тіс­тіктері ірі фирмалары мен ком­па­ниялармен байланысты де­сек, олардың перспективалы дамуы шағын және орта бизнес бай­ланысты. Екі-үш адамға дейін жұмыс істейтін шағын кәсіп­орындар – зергерлік бұйымдар, бизнес-консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік нарығы, ауыл шаруашылығы саласы, бөлшек сауда, ақпараттық технологиялар, фармацевтика, робототехнология және көлік жасау т.б табысты қымет етеді. Дәл осы сектер экономиканың локомативі болып саналады.
Міне, Үкімет те дәл осы секторды дамытудың тетіктерін жан-жақты қарастыруда. Соның бір жолы – қайтарымсыз гранттар арқылы тұрғындарды кәсіпкерлікке ынталандыру және кейбір шағын отбасылық бизнестерді заңдастыру болып табылады.
2019 жылғы тәжірибеге сүйен­сек, грант алушылар « не деген батпан құйрық, айдаладағы жат­қан құйрық» деп қаржыны мақ­сатсыз жұмсағандар болды. Тіпті Түркістанға қыдырып барып, қауыр­даққа тойып, базарлатып қайтқандар бар. Биыл талап күшей­тілді. Қаржыны мақсатты жұм­сау міндет. Олай болмаса, ақшаны кері қайтаруға тура келеді. Бұл жөнінде Жұмыспен қамту орталығының басшысы Жаңабек Тұрлыбеков: «Қайтарымсыз грант­ты алғандар 90 күннің ішінде игеріп, істі бастағаны абзал. Арнайы мониторинг жүргізіледі», – деп мән-жайды түсіндірді. 
Яғни қаржы қайтарымсыз бол­ғанымен артында салмағы бар, нақты есеп-қисапты талап етеді. Міне, тұрғындар осыны сезінгені дұрыс. Мұны неге айтып отырмыз?
Жоба ұсынушылардың басым көпшілігі мал бордақылап, оның өнімін сатуды жоспарлапты. Әри­не әркімнің қабілет-қасиетін сөз етуден аулақпыз. Мал шаруа­шылығына икемді болар...
Бір анығы, еңбек нарығын бағамдау, нарықты зерделеу, биз­несті дамытуда әлеуметтік желілердің тиімділігін пайдалану және т.б мұқият ойластыру маңызды деп ойлаймыз. Жоба қор­­ғаушылар арасында мұны ескергендер көп болмады. Деген­мен комиссия мүшелері шаштараз ісін дамыту, кондитерлік өнімдер шығару, тігін цехын ашу, сүт өнімдерін дайындау секілді жоба­ларды жоғары бағалады.
Жапониядағы бизнесті мысал еттік ғой! Расында шығыстағы елдің озық тұстары көп. Олар заманауи трендтерді меңгеріп, элек­тронды сауда нарығын да­мы­туға мән берді. Әсіресе робототехнология, смартфон, маши­на жасау саласын кластерлік жүйе­мен дамытып, шағын және ор­та бизнесті құрамдас бөлшегі ретінде қалыптастырды.
Бізде де бизнесті дамытудың клас­терін қалыптастыру жағы кемшін тартуда. Сыр өңірінде мал шаруашылығы қарқынды дамуда. Енді ет, сүт, тері, жүн өндеу кластерін дамута маңызды. Сонда ғана мал бағытындағы қайтарымсыз гранттардан қайыр болатындай.
Екі күнге созылған комиссия отырысында ойға осыны түйдік.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
23 маусым 2020 ж. 483 0