№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «БАСТАУЛЫҚТАР» БИЗНЕС-ЖОБАСЫН ҚОРҒАДЫ

«БАСТАУЛЫҚТАР» БИЗНЕС-ЖОБАСЫН ҚОРҒАДЫ


БҰЛ ҚАНДАЙ ЖОБА?

«Бастау» жобасы «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты болып табылады. Жобаға қатысқысы келген ынталы азаматтар Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына, өзі тұратын ауылдық округ әкімшілігіне өтініш бере алады. Негізі ниет білдірушілердің мақсатты топқа жататындығын анықтайтын жұмыспен қамту орталығы. Осы орталық тізімді Палатаның филиалына өткізеді. Мұнан кейін Кәсіпкерлер палатасы азаматтардың кәсіпкерлік әлеуетін анықтау мақсатында тесттен өткізеді. Сынақтан сүрінбей өткендер жобаның қатысушы болып табылады. Оған қоса, бұл азаматтар 1 ай көлемінде кәсіпкерлік негіздеріне қатысты арнайы курста оқытылады. Соңыра, сертификатқа ие болады. Оның өзі екі бағытта беріледі. Әуелгісі аудандық, облыстық комиссия алдында бизнес-жобасын сәтті қорғаған жағдайда «Бастау» жобасын бітіргендігі жөнінде, ал комиссия алдында жобасын қорғай алмаған жағдайда кәсіпкерлік курсын оқығандығы жөнінде сертификатқа ие болады. Бұл Марлен Бақытұлының сөзі.

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАНДАЙ ҚОЛДАУ БАР?

Айта кететіні, «Бастау» жобасына өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтар және жұмыссыздар қатыса алады. Әрі кәсіпкерлік негіздерін үйренумен қатар, өздерінің ойға алған, жүзеге асыра алмай жүрген бизнес-жобаларын жан-жақты әзірлеп шығады. Курсты тәмамдағаннан кейін, қаржылық институттар арқылы демеу қаржы алуға жол ашылады. Яғни, бизнес-жобаларын «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалына тапсыра алады. Егер ұсынылған жоба өңірде өзіндік ерекшелігі бар, жаңа инновацияларға негізделген тың бизнес болып табылса, қаржылық ұйымдар арқылы 6 пайыздық мөлшерлемемен 19 млн. теңгеге дейін несие алуға мүмкіндігі бар.
Түйіндей айтқанда, «Bastau Бизнес» жобасы мемлекеттік қолдау мақсатындағы тамаша тетік. Кәсіпкерлік негіздері, маркетинг пен менеджмент, өз уақытыңды тиімді пайдалану, іскерлікке баулитын психологиялық дәрістер мен үздік бизнес-тренерлерден сабақ алуға даңғыл жол ашылады. Тиімді тегін білім алу арқылы өз кәсібіңді ашып, жаңашыл жобаңды жүзеге асыруға асығыңыз...
Самат КЕРУЕНБЕКТЕГІ.
16 маусым 2018 ж. 1 111 0