№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАЛЫПТАСҚАН

ЖАҢАҚОРҒАНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛЫ ҚАЛЫПТАСҚАН


Cыр өңірінде өңдеу өнеркәсібінің 40 пайызы Жаңақорған ауданының үлесінде. Сондай-ақ, егін шаруашылығы саласында жүргізілген реформалар жемісін берді. Кәсіпкерлік саласының дамуы қарқынды. Мәселен, белсенді кәсіпкер – 3171-і құрап, 95 пайызды көрсетті. Бұл – облыстағы ең жоғарғы көрсеткіш. Мұны аудан әкімі Ғалым Әміреев Өңірлік коммуникациялар қызметінде аймақтық БАҚ өкілдерімен болған брифингте мәлімдеді.

Жалпы, Жаңақорған ауданында кәсіпкерлікті дамытудың потенциалы жоғары. Мұндай артықшылықты аудан басшысы тиімді пайдаланып отыр. Соның есебінен жұмыссыздық қысқарып, салық базасы ұлғайды. Енді «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылы» аясында Сыр өңірінде кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы азаматтардың кәсіби біліктілігін арттыруды қолға алынбақ.
– Облыс әкімі «Кәсіпкерлікті қолдайтын жыл» деп жариялады. Әрине, бұл облыстың экономикалық әлеуетін арттыратын жоба. Сондықтан біз кәсіпкерлік саласын дамытуға маңыз береміз. Сондай-ақ, облыстың кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы азаматтарын теориялық тұрғыда білімін жетілдіруге, практикалық тұрғыда қалыптасуына жағдай жасауға дайынбыз. Жаңақорған кентінде агро-индустриялық аймақ бар. Оған қоса, биыл бес ауылда «Агро-индустриалық аймақ» құрылады. Қожакент ауылдық округінде отбасылық мал бордақылау алаңдары жұмыс жасауда. Кәсіпкерліктің дамуына ерекше жағдай жасайтын осындай алаңдарда тәжірибе алмасуға мүмкіндік мол, – деді аудан әкімі.
Расында, арнайы аймақтарда кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы азаматтар тәжірибе алмасып, біліктілігін көтеріп, нарықтық қатынастарға сай бизнесті дамытудың жолдарын үйренуге болады. Яғни, Жаңақорған ауданы шағын және орта бизнес үлгілерін қалыптастырып, дамытудың локомативіне айналуына мүмкіндігі мол.
– «Агро ЭКСПРЕСС» оқу семинары бізге не береді? Біріншіден, аудан қазынасына кіріс кіргізеді. Яғни, ауданға келушілер тұрғын үйлер мен қонақ үйлерді жалға алады. Азық-түлік дүкендерінде сауда айналымы артады. Бәрінен бұрын, туризм саласын дамытуға болады, – деді әкім.
Оның сөзінше, туризмді дамыту үшін жайлылық пен ыңғайлылық қажет. Мұндай жағдайға жеткізу үшін инвестиция тарту маңызды. Кент орталығында, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолы бойында, Қаратаудың бойында демалыс орнын ашуға жұмыс жасалмақ.
Сондай-ақ, аудан басшысы мал және егін шаруашылығы саласында атқарылған жұмыстар,
кооперативтер құрудағы тәжірибесімен бөлісті. Құрылыс саласындағы қарқынды жұмыстарды және білім беру, мәдениет, спорт саласын тілге тиек етті.
Брифинг соңы сұрақ-жауапқа ұласты.
– Аудан тұрғындарының ең өзекті мәселесі қандай?
– Есептік кездесулерде көтерілген негізгі мәселелер: электр желісін жаңғырту, ауыз су мен аяқ су мәселесі мен жолды жөндеу көтерілді. Оның ішінде, ауыз су 2019 жылы толығымен шешілетін болады. Жол мәселесі шешілген бірден-бір ауданбыз. Тек кейбір учаскілерді жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бірақ, ең маңыздысы, елді мекендерде жарық үздіксіз жанып тұруы қажет. Олсыз цифрландыру бағдарламасы іске аспайды. Сондықтан, электр желілерін жөндеуге көңіл бөлетін боламыз.
– Облыс әкімі кәсіпкерлік саласын қолдауға 32 млрд. теңге қарастырып отыр. Қаржының қанша пайызын игеруге мүмкіндіктеріңіз бар?
– Бізде жоба жетерлік, сондықтан кәсіпкерлікке бөлінетін қаржының 10 пайызын игеруді межелеп отырмыз. Бірақ, банктердің шарттары оңай болмайтыны түсінікті. Сондықтан «Өңірлік инвестициялық орталық», «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компания» АҚ және т.б. қаржы институттары арқылы қаржыны алуға басымдық береміз. Бәрінен бұрын, қайтарымсыз гранттарға қол жеткізуге жұмыс жасаймыз.

P.S.: Брифинг соңында аудан басшысы қандайда жобаны жүзеге асырудың жолы: инвестиция тарту, инновациялық жобалар ұсыну, білімді, білікті мамандарды тарту арқылы шешілетінін айтты. Сондықтан, осы үш басымдықты ұстанып, Жаңақорған ауданының экономикалық әлеуетін арттыруға күш салатынына сендірді...

Әлібек ТЕМІРБЕК.
17 ақпан 2018 ж. 1 513 0