№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тігіншілік – табыс көзі

Тігіншілік – табыс көзі

«Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» демекші, қазіргі уақытта арамызда өз бақытын маңдай терімен тауып, өз ортасында сыйлы болған азаматтар көп. Айгүл Мүбәракқызын осы қатарға жатқызуға әбден болады.
Бала кезінен тігінші болуды мақсат еткен ол арманын адаспай тапты. Тігіншінің қолынан шыққан қазақы оюмен өрнектелген құрақ көрпе-көрпеше, жастық, қыз жасауы және бесік жабдықтары сұранысқа ие.
– Жастайымнан тігіншілік өнерге құмар болдым. Кәсіби маман болуымда жеңгем көмектескен еді. Одан құрақты тігудің қыр-сырын үйрендім. Содан 2019 жылдың жазында басталған тігіншілік табыс көзіне айналды, – дейді Айгүл Қосжанова.
Оның сөзінше, қазір тапсырыс берушілердің талғамы артқан.Эксклюзивті жаңа өнімдер күтетіні анық. Ұлының тойы мен қыз ұзату қызықшылығына барын шашатын ата-аналар қолдан тігілген бұйымды беруді әдетке айналдырды. Әрине базардан-ақ сатып алуға болар еді, алайда Қытайдың экологиялық таза емес өнімдерімен тігілген көрпе-көрпешінің зияны көп. Ал арнайы тапсырыспен тігілген көрпе-көрпешеде табиғи өнім мақта қолданылады. Оның үстіне, жайлы, ыңғайлы матамен тігіледі. Сондықтан ұзаққа жарайды.
Құрақ көрпе, төркөрпе дейсіз бе, онға жуық түрлі оюмен әсемдеп құрақ құрайтын кейіпкеріміздің жасаған дүниесіне басты мән беретіні – сапа. Егер тіккен көрпе-төсегінің оюы сәл қисық тігілсе, ерінбей сөгіп, қайта тігеді. Ыждақатты еңбектің нәтижесінде Айгүл алғыс арқалап, тұтынушылар санын көбейтіп келеді.
Кейіпкеріміз арнайы кәсіпкерлік нысан ашпай-ақ, үйде отырып өз несібесін тауып отыр. Ол тіккен бұйымдарын Instagram-ға жүктеп, жарнамалауды да ұмыт қалдырмайды. Нәтижесінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен түскен тапсырыс саны артып келеді. Мәселен, Алматы, Нұр-Сұлтан, Түркістан, Қызылорда қалаларынан келген тапсырысты «Казпочта» арқылы жөнелтіп отырады екен.
Ендігі арманы киімге мәтін жазуға арналған іс мәшинесін алу. Қыз-келіншектердің талғамына сай сәнді сырмақ түсіріп, мәтін жазу соңғы уақытта танымал кәсіптің біріне айналды. Айгүлдің ендігі мақсаты – осыны қолға алу.
Төрт ұл-қызды тәрбиелеп, өсіріп отырған ана тігіншіліктен бөлек, тоқыма тоқу өнерін де жетік меңгерген.
Қысқасы, Айгүл Қосжанова үйде қарап отырмай, табыс табудың жолын тапты. Бізді қызықтырғаны, оның жаңалыққа құмарлығы, еңбекқорлығы, ізденімпаздылығы. Осы тұрғыда алғанда, ол көптеген әйелдерге үлгі.


Лаура БИБАСАРОВА
14 маусым 2020 ж. 1 345 2

Назгул от 15 маусым 2020 15:35
Молодец,Айгүл ханым.Сәттілік

Салтанат от 15 маусым 2020 15:52
Өте керемет! Алла берекесін берсін!Табысты болыңыз!