№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАЛАУЛЫ КӘСІБІ – ТІГІНШІЛІК

ҚАЛАУЛЫ КӘСІБІ – ТІГІНШІЛІК



   Көзін тапқандар кәсіпкерлікті дамытуда жолын табуға болады. Оған қайтарымсыз гранттармен жеңілдетілген несиелер алып, кәсібін жандандырып жүргендер де дәлел.  Дегенмен өз күшімен кәсібін бастап, қалыптастырғандар да көп. Сондай табанды жанның бірі – Макида Сыздықова.
     Ол тігіншілік өнерге бала кезінен қызығады. Оны мұраты алдамайды. Шымкент қаласында әйелдердің сырт киімін дайындау мамандығы бойынша техникумда білім алып, тігіншілік өнердің қыр-сырына қанығады. Еңбек жолында кәсіпкерлікті «Нұрасыл-2» сауда үйінде бастауға бел буады.
    – Бала кезден мата мен қайшы, ине мен жіп және тігін мәшинесінің жаныма серік болғаны осы күні қуантады. Есейе келе анамнан үйренгенім өмірлік жолымды ашып берді. Бүгінде сүйікті ісім кәсібіме айналып, маңдай теріммен аз да болса қаржы тауып отырған жайым бар. Айтуға, көргенге жеңіл көрінгенімен тігіншілік кәсіптің өз машақаты бар. Бірнеше сағат бойы тапжылмай тігін машинасында отыру табандылық пен шыдамдылықты қажет етеді, – дейді Макида Әбілбаттақызы.
     Тұтынушы талғамына сай және заманауи үлгідегі өнімдерін нарыққа ұсынады.Атап айтқанда,  ­қыз жасауы, құда түсу, бесікке салу, тұсаукесер және үйлену тойына қажеттікиімдерджі сапалы тігеді.
      Кейіпкеріміздің айтуынша, перделерді қайыру, шалбардың балағын, көйлектің етегін қысқарту, киім-кешекті өңдеу сияқты тапсырыстар оған еш қиындық тудырмайды. Мұндай тапсырысты ұзаққа созбай сол мезетте бітіріп беруге тырысады. Жұмыстың сапасына қарай бағасы да қолжетімді. Зейнеткерлер мен жағдайы төмен жандарға  жеңілдіктер жасайды.  
      Кәсібінің нәсібін көріп отырған нәзік жан үйдің де түздің де тізгінін қатар ұстап,  өмірлік жары екеуі ұл-қыз тәрбиелеп, аяулы ана, асыл жар ретінде көпке үлгі. Бақытын бала-шағасы мен адал еңбектен тапқан Макида Сыздықоваға еңбегіңіз жанып, кәсібіңіздің қанаты кеңейе берсін демекпіз.
                                                                                                     Лаура БИБАСАРОВА
17 шілде 2019 ж. 1 442 0