№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАЛА ҚУАНСА ӘЛЕМ ЖАДЫРАЙДЫ

БАЛА ҚУАНСА ӘЛЕМ ЖАДЫРАЙДЫ

  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2020 жылға дейін «Балапан» бағдарламасы аясында үш жаспен алты жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамтуға пәрмен берген болатын. Өз кезегінде Тұңғыш Президент тапсырамасын Сыр елі жұртшылығы мерзімінен бұрын орындады. Бұл ретте жаңақорғандықтардың белсенділігін ерекше атау қажет. Яғни, облыстағы мемлекеттік жеке-меншік әріптестік аясында салынған балабақшаның ең көбі Жаңақорғанда.

Ауданда 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін 26 мемлекеттік балабақша, 76 жеке балабақша, 21 шағын орталық бой көтеріп, онда 989 педагог маман қызмет жасауда. Айта кететіні, кент орталығында 5 мемлекеттік балабақшада 333 бүлдіршін, 42 жеке балабақшада 2080 бала, ал, 3 шағын орталықта 110 бөбек тәрбиеленуде. Бұл дегеніміз, кент бойынша жалпы 50 мектепке дейінгі ұйымда 2523 бүлдіршін балабақша қабырғасында деген сөз. Аталмыш жеке балабақшалардың басым бөлігі «Балапан» бағдарламасы аясында ел игілігіне пайда­лануға берілген.
Осы тұста, тақырыпты кеңінен тарқату мақсатында аудандық білім бөлімінің жетекші маманы Назерке Базарбаеваны сөзге тарттық. Ол өз сөзінде: «Аудан бойынша 123 мектепке дейінгі ұйымда 5854 бала тәрбиеленуде. Оның ішінде, 26 мемлекеттік, 76 жеке балабақша және 21 шағын орталық болса, ауылдық округтар бойынша, 21 мемлекеттік, 34 жеке, 18 мектеп жанынан ашылған шағын орталықтар бүгінде өз қызметтерін атқаруда. Бұл дегеніміз аудан «Балапан» бағдарламасы бойынша бөбекжайлар салудан мерзімінен бұрын межеге жетті дегенді білдіреді », – деді.
Ресми мәліметке көз жүгіртсек, 2013 жылы 5062 бала балабақша табалдырығын аттады. «Балапан» бағдарламасы аясында аудан бойынша 1-3 жастағы жалпы бала саны 5768 екенін ескерсек, оның 555-і балабақшамен қамтылған яғни қамтылуы пайыздық көрсеткішпен 9,6 пайыз. Ал, 3-6 жастағы балалар саны 6741 оның балабақшаға баратыны 5299 бала. Осы орайда, мектептердің МАД (мектепалды даярлық) сыныбында 5-6 жастағы 1442 бала білім нәрімен даярлық сыныбында оқиды. Қамтылу көрсеткіші 100 пайыз. Тағы бір айта кетерлігі, 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамтамасыз ету 2016 жылы-ақ ауданымызда 100 пайыздық көрсетішке жетіпті. 1-6 жастағы жалпы бала саны 12 509 болса, оның балабақшамен қамтылғаны 58,3 пайызды құрайды.
Сонымен қатар, тақырып аясында аудан­дық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие әдіскері Пәтима Тұртанова да өз ойымен бөлісті: «Балапан» бағдарламасы аясында шалғай ауылдарда да балабақша мәселесі толығымен шешілген. Мәселен, Төменарық ауылында қазіргі таңда 5 балабақша оның біреуі мемлекеттік, қалғаны жеке бөбек­жайлар. Ал, Түгіскен ауылдық округінде толығымен 7 балабақша жұмыс жасауда. Бесарықта 4, Сүттіқұдықта 3, Бірлікте 3, ал кент орталығында 47 балабақша оның бесеуі мемлекеттік, қалғаны жекеменшік балабақшалар және тәрбиешілердің көбісі біліктіліктерін арттыруда арнайы курстан өткен. Нәтижесінде бүлдіршіндері де әртүрлі сайыстардан жеңімпаз атануда, – деді сала әдіскері.
Әрине, «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім адамзатқа апат әкеледі» деген қағиданы ұстанған білім саласының мамандары «Балапан» бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі біліктілікті арттыру курсынан да тыс қалған емес. Мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерін білікті кадрлармен қамтамасыз етуде балабақша педагогтарының 75 пайызы арнайы курстарды тәмәмдаған. Бұл тұрғыда балабақшадағы білім беру мәселесі болашақтың іргесін қалаудың басты сатысы. Бала ата-ананың ғана емес, бүтіндей бір елдің, мемлекеттің үміті, қарашығы. Сондықтан, білімді ұрпақтың негізін қалауды балабақша төрінен бастау жолында тәрбиешілер аянып жатқан жоқ. Бұл жөнінде кент орталығындағы бірқатар балабақша меңгерушілерінің пікірін тыңдап көрдік.
Мәселен, «Болашақ» балабақшасының меңгерушісі Балжан Мырзабаева: «Бөбек­жайдың оқу-тәрбие жұмыстары еліміздің мемлекеттік жалпыға бірдей стандарты бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Мұнда 19 педагог қызмет етеді. 6 топта 90 балдырған тәрбиеленуде. Баланың жасына сай сабақтар, сонымен қатар қосымша ағылшын, тіл дамыту, айналамен таныстыру, сауат ашу секілді пәндер оқытылады. Ән-күй, дене тәрбиесімен айналысатын арнайы залдар жұмыс істеп тұр. Ұжымда тәжірибелі педагогтар бүлдіршіндердің танымын кеңейтіп, бірлікке, ынтымаққа, достыққа шақырып, білімдерін ән-бимен, өлеңмен, бейнелеу өнерімен ұштастыруда. Олардың туған жерін сүюге, өз елінің патриоты болып өсуіне барынша жағдай жасалған», – деді.
Иә, елдің ертеңгі тірегі – балдырғандар екенін ескеріп «Балапан» бағдарламасы аясында заман талабына сай тәрбиеленіп жатқан болашақ ұрпақ ата-аналары да дән риза. Солардың бірі кент тұрғыны Бұлбұлназ Оразбекова: – Қызым Айшаны «Нұр-дамир» балабақшасына бергелі жұмыс жасауыма жол ашылды. Бүгінгідей тіршіліктін қарбаласқан заманында балабақшаның көптеп болғаны көңілді қуантады. Бөбекжай – баланың тәрбиесіне ғана емес, келешек қандай тұлға болып қалыптасатынына ықпал ететін негізгі күш. Әсіресе, Елбасы Жолдауымен жүзеге асқан «Балапан» бағдарламасының балаларға сыйлаған қуанышы көп», – дейді.
Ал, 2013 жылы мемлекеттік бағдарлама аясында бой көтерген «Нұрай-қыдыр» жеке балабақшасының әдіскері Нұргүл Бадирова: «Бөбекжай да 3 топта 70 бала тәрбиеленсе, тех қызметкерлерден бөлек 8 педагог қызмет жасайды. «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзартып, нәтижесінде ауданда жұмыссыздар саны азаю үстінде. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев аса мән берген бұл Жолдау – балдырғандардың мектепалды даярлығын тиісті деңгейге жеткізу болатын», – дейді әдіскер.
Қорыта айтқанда, «Балапан» бағдар­ламасы іске асқан күннен бастап аудан бойынша 102 жаңа балабақша мен 21 шағын орталық ашылған. Бұл аудан халқы үшін – зор жетістік. Алдағы уақытта табысты бағдарлама халық сұранысын өтеп, балалардың игілігіне қызмет ете бермек.

Лаура БИБАСАРОВА.
14 мамыр 2019 ж. 1 786 0