Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Диас" бөбекжайының тынысы

"Диас" бөбекжайының тынысы


Ауылдық жерлердегі бөбекжайлардың тәлімді тәрбие, саналы ілім берудегі талпынысы қуантады. Талап ауылдық округіндегі «Қосекен» бөбекжайын осы санатқа қосуға болады. 40 орындық балабақшаның бүгінгі тыныс-тіршілігін білу үшін арнайы бардық. «Балапан» бағдарламасы аясында іргесі қаланған балабақша осы уақытқа дейін 100-ге жуық балғынды мектепке дайындады. Біз әдіскер Мөлдір Тоқназарованы әңгімеге тарттық.


– Ауыл балаларын толық қамта­масыз ете аласыздар ма?
– Әрине, қазір бізде 3-5 жас ара­лығында екі топ бар. Әрқайсысында 20 баладан тәрбиеленуде. Ауыл шағын болғандықтан бала саны да аз. Тәрбие­шілердің біліктілігіне, білімділігіне көңі­ліміз толады. Қазір мекемеде 14 қыз­меткер бар, оның төртеуі тәрбиеші, екеуі бала күтуші, – деді ол.
Уақыт оздырмай балабақшаның жұ­мы­сымен танысу үшін балалар мекенін көрдік. Шағын бөбекжайдың бөлмелеріне бас сұғып, тәрбиешілер жұмысына назар аудардық. Біз барғанда «Балапан» тобы құралмалы ойыншықтардан өздеріне ұнайтын дүниелерді жасап жатты. Ал «Балдырған» тобы ән айтып, өнерлерін ортаға салуда.
– Тәрбиеші – балабақша тірегі. Бала жанының бағбаны қандай болса, өскелең ұрпақтың бойынан сондай қасиеттерді көру­ге болады. Баланың көзқарасы қалып­тасуында, дүниені тануында бала­бақшаның орны зор. Балабақша тірегі – озық педагогикалық методиканы меңгерген, білімді, білікті, мейірімді тәрбиеші десек, біздің қатарымызда сондай тәрбиешілер бар, – деді бөбекжай меңгерушісі Насима апай.
Ақмарал Әбуова меңгерушілік жасай­тын балабақшаның аты «Диас» деп аталады.
– «Зерек бала» бағдарламасымен оқыту­дамыз. Шыны керек, қазіргі балалар өте зерек, ақылды. Олар осында қандай тәрбие алады, ертең мектепте де сол жолмен жүреді. Сондықтан балабақшада көбіне тәртібіне қарауға тырысамыз, бұл әр тәрбиешінің бірінші міндеті. Өзім осында жеті жылдай жұмыс жасаймын, орта топтың тәрбиешісімін. Қарамағымда 20 бала бар, бір-бір үйдің еркелерін тәрбиелеп, бағыт-бағдар беру оңай шаруа емес, – деді Перуза Матаева.
Түйіндей айтқанда, тәрбие мен білімнің қайнары саналатын бөбек­жайдың бүгінгі тынысы осындай. Болашақ ел тұтқасын ұстайтын азаматтарды тәрбиелеп отырған балабақшаның жұмысы жүйелі, алған бағыты түзу.

Әли ТЕМІРБЕК
19 қараша 2019 ж. 765 0