Гауһар Нұрлиева ұлағатты ұстаз
«Дарын» мемлекеттік жастар және «Сыр үміті» сыйлығының иегері, жас ғалым Нұрғали Ақылбековке тәлімін сіңіріп, сапалы білім алуына жан-жақты жағдай жасаған Гауһар Нұрлиева ұлағатты ұстаз. Одан талантты шыңдаудың сырын сұрап, ұстаздық жолы жайында әңгіме өрбіттік.
Мұғалімдік мехнаттың ең ауыры бастауыш сынып мұғалімдеріне түседі. Өйткені талапкерге бастауыш сыныпта қаланған білімін болашаққа бағдаршам болады. Сондықтан баланың тілін сындырып, әріп үйретіп, санауды – алу-қосуды жаттататын ұстазға қашанда қарыздармыз.
Міне, осы турасында сөз еткенде Гауһар Тасболатқызы қожамберділіктердің сауаты ашылуында еңбегі елеулі. Оның басты артықшылығы, талантты танып, оның қабілеті ашылуында аянбай еңбек етеді.
Кейіпкеріміздің ұстаздық жолда жүргеніне 30 жылдан асты. Балалық шағы Шиелі ауданында өтті. Сонда туып, мектеп табылдырығын аттады. Онжылдықтан соң М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық колледжінде тәрбиеші мамандығын иемденеді. Төменарыққа келін атанып, еңбек жолын осында балабақшада бастайды. Араға жыл салып, Қожамберді ауылындағы №162 мектепке бастауыш сынып мұғалімі болып ауысады. 2000 жылы Түркістан гуманитарлық-педагогтік колледжінде білімін жетілдіріп, бастауыш сынып мұғалімі атанады. Алғашқы жылдары бірнеше бастауыш сыныпты аяқтатса, бүгінде 5-6 жастағы балғындарға қалам ұстатып келеді.
– Сапалы білім, саналы тәрбие даярлық сыныбынан бастау алады. Биылғы оқу жылы ерекше болды. Қашықтан оқыту ата-анамен байланыса отырып, толыққанды білімге қол жеткізуге күш салдық. Балалармен екі жақты жұмыс нәтижелі болды. Жаңартылған негізде оқу жылын аяқтадық. Шәкірттерім бейне, аудио жазбалар арқылы уақытылы кері байланысқа асыққанына куә болдым, – дейді ұстаз.
Расында қазіргі балалар технология тілін жетік меңгерген. Ол жағынан тіпті үлкендерді басып озады. Бұл тәжірибе қашықтан оқу кезінде артқаны белгілі.
«Тәрбие тал бесіктен» демей ме, Гауһар Нұрлиева балаға тәрбие беруді алдыңғы орынға қойған педагог. Тәрбие, ұттық құндылықтар тақырыбындағы мақалалары «Сыр мектебі», «Сыр бойы» сынды басылымдарда жиі шығады. Бірнеше аудан және мектеп басшылығы тарапынан марапатқа ие болған.
«Менің ең үлкен жемісім перзенттерімнің жетістігі», – дейді ұстаз. Олай деуге негіз бар. Ұлы Нұрғали Ақылбеков химия ғылымдарының кандидаты. Туған жерін әлемге танытып жүр. Жас ғалымның химия, мұнай өндіру және т.б саладағы ғылыми еңбектерін Ресей және Еуропа ғалымдары мойындап, жоғары бағасын берді. Италияда өткен жас химиктер Симпозиумына қатысып, өзінің ғылыми потенциялын көрсете білді.
– Нұрғали кішкентайынан білімге құштар болып өсті. Негізі отбасында екінші ұл. Тұңғышымызды ата-әжесі бауырына басқан. Нұрғали ағасымен бірге әріп таныды. Тіпті ағасының үй жұмысын бірінші орындап қоятын. 9-сыныпқа дейін тарих пәнін сүйіп оқыды. Көптеген білім байқауларына қатысып, бабы шаппай көңілі түсіп келетін. Әркез оған әкесі екеуіміз шыдамдылық пен еңбек бәрін жеңетінін айтып, сабырға шақырдық. 10-сыныпта химия пәнін таңдап, тестілеуге дайындалды. Күні-түні оқулықтан бас көтермей табандылығының арқасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Химия» мамандығы бойынша оқуға түсті. Татарстанда аспирантураны оқыды, – деді анасы.
Нұрғали Икрамұлы өзі білім алған жоғары мектептің мақтанышы. Түрлі ғылыми жобалары шет ел ғалымдарын таңдандырып отыр. Бүгінде Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі, химиялық зерттеулер және технологиялар институты директорының орынбасары, Экология және химиялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, химия ғылымдарының кандидаты, химия мамандығы бойынша PhD докторы.
2019 жылы Талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің дамуына сіңірген еңбегі үшін «Үздік түлек» медалінің иегері атанды. Оған Ғани Мұратбаев атындағы жастар сыйлығын қосыңыз.
Гауһар Нұрлиева 5 ұлдың анасы, жары Икрам Ақылбеков екеуі перзенттерін адал еңбекке баулыған. Барлығы өз саласының мақтаулы мамандары.

Майра ҒАНИЕВА