№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бастауыш сыныптың білікті ұстазы

Бастауыш сыныптың білікті ұстазы


Тәуелсіз еліміздің өскелең ұрпағын өз-өзіне сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде бастауыш сынып мұғалімінің алар орны ерекше. Өйткені ол алдына келген әр балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани тұрғыда қалыптасуына негіз болады. Сондай жанның бірі №163 орта мектептің мұғалімі Ләззат Сыздықова.


«Ұстаз» құрметті де қастерлі сөз. Ол білім мен тәрбиенің қайнар көзі. Тіпті ғұлама ғалымдар да ұлағатты ұстаздың алдынан өтеді. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, осындай ұлы есімді арқалап жүрген Ләззат Әбсаттарқызы білім беру барысындағы тәжірибесімен бөлісті.
– Бастауыш сыныпта білім берудің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табы­лады. Сондықтан ата-ана үкілеп өсірген перзентін біздерге сеніп тапсырғанда, оларды өз болашағына қажетті білім нәрімен сусындату басты парызымыз, – дейді ұстаз.
Ол қырық жылға жуық ұстаздық еткен жылдарында үш жүзге жуық оқушыға бар білгенін үйреткен ұлағатты ұстаз, аяулы ана. Шәкірттері де талай халықаралық, республикалық деңгейдегі білім бәсекелерінде білімін дәлелдеп, биік шыңды бағындыруда. Алды ата-әже, ата-ана атанып отырса, сол шәкірттерінің ұл-қыздарына да осы күні бар білгенін үйретіп, дәріс беруде.
Білікті ұстаздың жеткен жетіс­тіктері де бір төбе. Мәселен, 2011 жылы Қазақстан Оқу Ассоциясы президентінің «Арнайы куәлігімен» марапатталса, республикалық, об­лыс­тық, аудандық деңгейдегі ғылыми жобалар байқауында «Ғы­лым­ға қадам» атты ғылыми жоба­ның авторы атанды.
Осы деңгейдегі газет-журнал­дарда түрлі тақырыпта өткен сабақ­тары мен мақалалары да жарық көрді. Сондай-ақ білікті Ләззат ұстаз «Мадақтама» халықаралық ақпараттандыру Академиясының корреспондет мүшесі.
– Педагог – ертеңгі елдің тіре­гін өмірге дайындаушы. Бұл маман­дықтың құндылығы да осында. Демек мектеп табалдырығын аттаған өспірім ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті. Ол мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, олардың бойында мақсатқа жетуде табандылық танытуды үйретуі тиіс. Сонда ғана өмірге бейім, қоғамда белсенді тұлға қалыптасады. Ләззат Әбсаттарқызы сондай жаңашыл ұстаздың қатарынан, – деді мектеп директоры Нұралхан Түктібаев.
Жалпы №163 білім ордасы білім берудің озық жүйесіне көшкен бірден-бір мектеп. Оны жыл сайынғы ҰБТ көрсеткіші мен түрлі пәндік олимпиадалардан байқауға болады. Ал оның негізі бастауыш сыныпта жатыр. Төрт жыл әріп танытып, тәрбиелеп, баланың білім саласындағы іргетасын қалаған ұстаздың орны ерекше. Мұны кейіпкеріміз терең түсінеді.
– Қазіргі балалар өте ақылды. Ақпаратты тез қабылдап, қорыта алады. Әрі технология тілін жетік меңгеріп үлгеруде. Карантин режи­міндегі қашықтықтан оқыту жүйе­сінде смартфонмен оқуды тез меңгеріп алды. Бірақ қазіргі бастауыш балалары өте ерке, нәзіктеу келеді. Сондықтан бір-бір үйдің еркесін тәрбиелеп, білім беруде бастауыш мұғалімдері үшін жауапкершілік жүгін талап етеді. Осы мүдде жолынан шығу үшін ерінбей еңбек етіп келеміз. Ұстаздың екі қасиеті басқадан ерек болуы керек. Біріншісі – мейірімділік, екіншісі – ізденімпаз болу, – деді Ләззат апай.
Жоғары білімді, жоғары санатты оқытушының айтуынша, ол ұстаздық жолды жүрек қалауымен таңдаған. Осындай айналасына білім мен тәрбие нәрін сеуіп, адамгершілік нұрын төгетін ұстазға құрмет көрсету кейінгі буын еншісінде. Ең бастысы білімді ұрпақ оқытып, ел үшін қызмет ету жолына тәрбиелей білсе болғаны.

                                                                                                                                                   Лаура БИБАСАРОВА
26 мамыр 2020 ж. 1 049 0