№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білімнің басы – бастауыш

Білімнің басы – бастауыш


“Білім негізі бастауышта қаланады” десек, бастауыш сынып мұғалімінің жауапкершілігін бағамдауға болады. Оның еңбегі оқушының сауатын ашып, ілім нәрімен сусындатып, жеке тұлғаны қалыптастырумен өлшенеді. Міндеті ауыр ұстаз еңбегі қашанда құрметке лайық. Аудандық білім бөлімі мен білім саласы қызметкерлері кәсіподағы бастауыш сынып ұстаздарына құрмет көрсетті.


Сала басшысының орынбасары Мейірхан Оспанов пен кәсіподақ төрағасы Елшібек Сатершинов 21 мектептен келген 30-дан аса бастауыш сынып мұғалімін қабылдады. Дәстүрге айналған игілікті шарада бастауыш сыныпта білім нәрімен сусындатып, оқушыларының «Алтын белгі» алуында еңбек сіңірген мұғалімдер Нұр-Сұлтан қаласына саяхат жасауға жолдама алды.
– Шығармашылық ізденісте жаңа әдістерді жете меңгерген, кәсібилігі қалыптасқан педагог мамандар білім саласына аса қажет. Әсіресе адами капиталды дамыту маңызды саналған уақытта ұстаздарға жауапкершілік жүгі ауырлай түсті. Бүгінгі мектеп мұғалімі қандай болса, ертеңгі болашағымыз да сондай болмақ, – деді Мейірхан Оспанов.
Осы жиын барысында ұстаздар бойынан жаратылыстану мен гуманитарлық сала бойын­ша білімін терең меңгерген, ой өрісі кең, жан дүниесі ерекше жандарды көрдік. Олар мектеп табалдырығын аттаған өспірімге өмірді танып, қоршаған ортаны білуде бағыт-бағдар береді.
Аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитетнің төрағасы Елшібек Сатершинов:
– Мектеп оқушыларының болашақ бағытын қалыптастыруда сіздер қалай тәрбие берсеңіздер, Қазақстан сол деңгейде дамиды. Демек келешек ұрпақ алдындағы ұстаздық міндеттеріңіз ауыр. Сондықтан сіздер мұғалім ретінде ғана емес, ағартушы ретінде де құрметке лайықсыздар. Осы жолда сіздерге сәттілік тілеймін, – деді.
Шарада төрт бірдей оқушысы «Алтын белгіге» бітірген ұстаздар да болды. Соның бірі кентте орналасқан №3 мектеп интернаттың бастауыш сынып ұстазы Сәлима Егембергенова:
– Біздерге ата-ана ең қымбаттысын, болашағын, оның тағдырын табыс етеді. Иыққа осындай аманатты жүктеген екенбіз, оларға салғырттықпен қарауға еш болмайды. Келешегінен үміт күткен әке-шешесінің үмітін ақтауда жұмысымызға адалынан қарау алдымызға қойылған үлкен парыздың бірі. Бүгінгі кеште Нұр-Сұлтан қаласына саяхаттауға жолдама алып отырмыз. Барлық әріптестерімді шын жүректен құттықтаймын. Жаңа заман талабын игерген, жаңашылдыққа жаны құмар шәкірттер тәрбиелей берейік дегім келеді, – деп қуанышын жасырмады ол.

ТҮЙІН. Иә, күні кеше «Мұғалім мәртебесі» Заңы қабылданды. Енді ұстаздың мәртебесі артып, адами капиталды дамыту жолға қойылады. Ал біздер үшін Жаңақорған ауданында мұндай дәстүр қалыптасқаны қуантады.

Лаура АЙДАРХАН
06 қаңтар 2020 ж. 944 0