№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СOVID-2019: жел сөз бен шын сөздің сарасы

СOVID-2019: жел сөз бен шын сөздің сарасы


Елде жарияланған төтенше жағдай режимі аяқталды. Бірақ карантин біткен жоқ. Әлемді дүрліктірген індеттің беті қайта бастады. Бірақ вирустың екінші толқыны бар деген ақпар да жоқ емес. Одан бұрын ел арасында екі түрлі пікір мен жалған ақпарат лебі әлі де желдей есіп тұр. Ақпарат таратқандар әкімшілік-құқықтық жауапкершілікке тартылуда. Мұндай жағдай біздің ауданда да кездесуде. Ал вирустың бар-жоғын зерделеп жатқандар қаншама. Таласқа түскен екіұшты материалдарды пандемиядан тәжірибесіз қоғам әртүрлі қабылдап әлек. Бұған сәл кейінірек тоқталамыз. Алдымен елді шулатып, жалған жазба жазғандардан бастайық.


Президент төтенше жағдайды жария­лағаннан кейін айналдырған төрт күннің ішінде Сыр өңірінде жалған ақпарат тарату бойынша үш дерек тіркелді. Оның біреуі Жаңақорғаннан, көп ұзамай елді дүрліктіргендер қолға түсті. 274-баптың 4-бөлігі «Төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпаратқандар» кінәсін мойындап, жазаланды. Бұл жағдай одан кейін де жалғаса берді. «WhatsАpp» әлеуметтік желісі арқылы «COVID-19» індеті туралы көптеген жазбалар таралды.
– Мұндай фактілерді анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге миониторниг жүргізіледі және провокаторларды анық­тау үшін барлық қажетті техникалық мүмкіндіктер бар. Мұндай әрекет төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында немесе соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалатын болса, ол ауырлатушы мән-жай ретінде қарастырылып, ауыр қылмыс ретінде сараланады. Аталған қылмысты жасаған тұлғаларға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, – дейді құқық қорғау саласының қызметкерлері.
Жаңақорғандағы жағдайға оралайық. Карантин режимін бұзғандар саны екі айда айтарлықтай артқан. Оларға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 476-бабына сәйкес, 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынды, кейбірі 15 тәулікке дейін қамалды. Ал жалған ақпарат таратқаны үшін бір тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Сот үкімі шықты, студент ҚР ҚК-нің 274-бабының 4-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Әрі 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді, яғни 53020 теңге өтемақыны ел қазынасына құяды. Ұялы телефоны да мемлекет пайдасына тәркіленеді. Әрине өкінішті, елдің ертеңі болар жастың тағдыры бір хат үшін осынша жазалануы оңай емес.
Жалпы жалған ақпарат таратқан­дардың жазасы қандай болатынын көрдік. Бір өкінішістісі қызыққа батамын деп, елді әбігерге салатындар жай күндері де кездесіп жатады. Өйткені қазір халықтың басым көбі әлеуметтік желідегі жазбаларға оңай алданып, арандатушылардың арбауына тез түседі. Әрине кез келген адамның көзі ашық, көкірегі ояу, десе де жел сөзге ере беру өзіңізге таяқ болып тиетінін ұмытпаңыз.
Енді елде әлі де бояуы кетпеген індет туралы аз-кем ғалымдар пікірімен бөлісіп, бұл тақырыпты жабайық. Екі түрлі пікір қалыптасып жатқан қоғамға қандай жауап барын зерделеп көру үшін «Егемен Қазақстан» газетіне берген жас ғалымдардың сұхбатын арқау еттік. Ел ақиқатын күткен сұрақтың жауабын кім нақты бере алады? Қысқаша ғана баяндайық.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
16 мамыр 2020 ж. 634 0