№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әрқайсысымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындайық!

Әрқайсысымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындайық!

Мемлекет басшысының Жарлығымен төтенше жағдай кезінде ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар мен мәдени ошақтар және басқа да көпшілік орындар қызметін тоқтатты. Барлық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Індет орын алған аймақтарда карантин енгізіліп, санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды жұмыстар жүзеге асырылуда. Бірақ заңға бағынғысы келмейтіндер де жоқ емес. Бірі үйінде той тойлап жүрсе, екіншісі жалған ақпармен елді шулатып жүр.

Жаңақорған ауданы 15-сәуірге дейін карантин жариялап, төтенше жағ­дайды бұзғандарды заң аясында жазасыз қалдырмауда. Әрине тәртіпке бағынса мұндай жағдай болмас еді. Төтенше жағдай азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жарияланып отырған қадам болғанына қарамастан, аудан көлемінде тәр­тіпке бағынбай, мемлекеттік орган бел­гілеген төтенше жағдай режимін бұзу­шылар кездесті.
Президент Жарлығында төтенше жағдай кезіңіне отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынатыны белгіленіп, мемлекет басшысы өзінің халыққа үндеуінде «басты тойларымыздың әлі алда екенін» айтса да, осындай сындарлы сәтте той жасаушылар та­былып жатқаны қазір барлық ақпа­рат құралдарында қызу талқыға салынуда.
Жаңақорған ауданы бойынша осы кезеңде осындай келін түсіріп, қыз ұзатушыларға қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Бірінші жағдайда Жаңақорған кентінің тұрғыны Ж есімді азаматша 27 наурыз 2020 жылы үйінің ауласында қыз ұзатып, той жасаса, екінші жағдай бойынша Сунақата ауылының тұрғыны да тәртіпке бағынбаған. А есімді ауыл тұрғыны баласын үйлендіріп, беташар тойын жасаған.

Аталған екі азаматша да аудандық сот қаулысымен төтенше жағдай ре­жи­мін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы Кодексінің 476-бабының 3-тармағымен кінәлі деп танылды. Бірақ олардың асы­рауында он төрт жасқа толмаған балаларының болуы ескеріліп, 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 26510 теңге мөлшерінде әкім­шілік айыппұл салынды.
Сондай-ақ, сот қаулысымен тө­тен­ше жағдай кезінде букмекерлік кеңсенің жұмыс жасауына жол беріп, тұтынушыларға қызмет көрсеткен 2 тұлға әкімшілік қамаққа алынып, 1 азаматшаға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл белгіленді. 28 наурыз күні кент тұрғыны Ж есімді азамат қоғам көп жиналатын орынның жұмыс істеуіне жол беріп, плейстейшн ойынын ойнатқан. Аудандық соттың қаулысымен ол Әкімшілік құқық бұзу­шылық туралы Кодекстің 476-ба­бында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінә­лі деп танылып, 7 тәулік әкімшілік қамаққа алынды.
Кейбір тұлғалармен әлеуметтік желіде науқастың таралғаны жөнінде расталмаған ақпарат таратып, халық ара­сында жөнсіз алаңдатушылық туғызу деректері кездесуде. Мұндай жағдайдың 2 дерегі аудандық полиция бөліміне тіркеліп, қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.
Жалпы алғанда қазіргі сәт құқық бұзып, жазаға тартылатын уақыт емес, қайта барынша тәртіпке бағынып, үйде оқшауланған жөн болар. Осы кезең, төтенше жағдай уақыты –бере­ке-бірлігіміз сыналатын уақыт. Татулық пен бірлік, сақтық шаралары бізді кез-келген қиындықтан алып шығады. Әрқайсысымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындасақ, бұл қиындықтан тезірек шығамыз.

Мейіржан ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ,
аудандық соттың аға
сот приставы
07 сәуір 2020 ж. 643 0