№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ортақ талапқа бағынбаған азамат 15 тәулікке дейін қамалады

Ортақ талапқа бағынбаған азамат 15 тәулікке дейін қамалады

  "Жаңақорған тынысы" Төтенше жағдай кезінде сақтық шараларына мән беру маңызды. Ортақ талапқа бағынбаған азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 476-бабына сәйкес, 10 АЕК-ке дейін айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамалады. Бірақ аудан халқы қамсыз. Індет өздеріне жетпейтініне сенімді. Содан болар төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылып жатқан азаматтар саны күннен күнге артуда. Карантин талаптарын бұзғаны үшін Жаңақорған аудандық сотында 21 әкімшілік іс қаралды. Сонда бұл індеттің қауіптілігін түсінбеу ме, әлде, заңға мойынсұнбау ма?

Тарқатып айтатын болсақ, аудан бойынша төрт тұлға букмекер, ойынхана, ПС4 клубтарын төтенше жағдайында белгіленген уақыттан тыс уақытта қызмет еткені үшін, екі тұлға карантин кезінде үй ауласында той жасағаны үшін, 11 тұлғаға карантин кезінде сағат 21.00-ден кейін көшеде жүргені үшін әкімшілік іс қозғалып, сотқа жолданды. Жаңақорған ауданы әкімінің 2020 жылғы 5 сәуірдегі №81 өкіміне сәйкес, сағат 21.00-ден 06.00-ге дейін қажеттілікке байланысты тек медициналық көмек алуға рұқсат етілген.
Сондай-ақ төрт тұлғаға Жаңақорған кентіне кіретін блок-постардан емес, айналма жол арқылы кесіп өткені үшін жауаптылыққа тартылды. Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №7 Қаулысымен 8 сәуірден 22 сәуірге дейін карантиндік режимде шектеу және тыйым салу шаралары жарияланды. Енді Қызылорда қаласы мен аудандарға тек азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанар-жағар май тиелген көліктер ғана арнайы рұқсатпен кіре алады. Басқа мақсаттағы көліктерге шектеу қойылады.
Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқаны үшін бір тұлға қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
Жоғарыда аталған барлық әкімшілік жауаптылыққа тартылған 21 тұлғаның 13-і әкімшілік қамаққа алынған, ал қалған 8-не айыппұл салынған.
Қазір даңқты батыр Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел – ел болмас, Тәртіпке бағынған – құл болмас» деген қағидасын ұстанатын кез келді. Ортақ тәртіпті бұзып, істі болып жүрмейік, ағайын! Карантин талаптарын қатаң сақтаңыздар!


Мейіржан ТҰРҒАНБЕКҰЛЫ,
Жаңақорған аудандық сотының
аға сот приставы

18 сәуір 2020 ж. 580 0