№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғандық оқушылар жаңа бағыттағы бағдарламаны қалай қабылдады?

Жаңақорғандық оқушылар жаңа бағыттағы бағдарламаны қалай қабылдады?

«Балапан» және «Еларна» арналарынан қашықтықтан сабақ оқуды бастады. Сабақты Назарбаев зияткерлік мектептерінің, республикалық, халықаралық, жекеменшік оқу орындарының үздік мұғалімдері өткізуде. Жаңақорғандық оқушылар жаңа бағыттағы бағдарламаны қалай қабылдады? Ұстаздармен кері байланыс орнатуда оқушылар нені білу қажет? Қашықтықтан оқудың алғашқы күні қалай әсер етті? Осына зерделеп өтейік.
«Balapan» мен «Ел арна» арна­сындағы сабақ 1-11 сынып оқу­шыла­рына арналды. Телесабақтың арнайы түсірілімінде негізгі пәндер бойынша сабақ өтілді. Еліміздің шал­ғай елді мекендері үшін елдің үздік орта білім беретін ордалардың педегогтерінен инклюзивті сабақ алуға мүмкіндік ашылды.
«Онлайн Мектеп» телесабағының ерекшелігі мектепте қырық минутқа созылатын сабақ емес. Бұл жерде басқа әдіс, басқа принциптер қолданылады. Балалар телесабақты мұқият тыңдап алып, өзінің ұстазы « WhatsApp» желісі арқылы жолдаған тапсырмаларды орын­дайды. Тапсырма тиянақты әрі нақты жауап берілгеніне қарай мұға­­лімдер оқушының телесабақты қа­был­­дауын бағалайды. Егер теле­са­бақ­ты түсінбеген жағдайда оқушы өз мұғалімінен сұрауына құқылы. Оқу­шы өткізіп алған сабағын YouTube желісінен қайта көруіне мүмкіндігі бар.
Аудандық білім бөлімі басшысы Болат Ибрагимовтен қашықтықтан оқу байланысты пікірін білдік. «Мек­теп оқушыларының барлығынан тех­никалық қажеттілігін анықтадық. Біздің оқушылардың басым бөлігінің үйінде компьютер, планшет және смартфон бар. Әлеуметтік жағдайы төмен отба­сының балаларына планшет пен ноутбуктер үлестірдік. Сын сағатта ұстаз­дар өз қарым-қабілетін көрсетіп, оқушылардың білімін арттырып, елдің үмітін ақтайды деп сенеміз», – деді.
Бүгін алғашқы телесабақты 4 ба­ла­­сымен бірге өткізген Гүлнұр Бала­бекова: «Төрт баламен телесабақ өткізу қиын деп ойлап едім, бүгін еш қиындығы байқалмады. Оқушылар жылдам тапсырма орындап, өз ын­таларын байқатты. Барша ата-ана­ларға өз балаларына қамқор болып, сабырлықпен сабақ өтсе игі, – деді.
Айта кетерлігі, аудандағы 42 мектептің 41-і «Balapan» арнасымен, тек №169 орта мектептің орыс сыныптары «Ел арна» арқылы сабақ оқиды. «Balapan» арнасы арқылы 2000-нан аса телесабақтар көрсетіледі. Ұстаздардың балаға берген бағасын «Kundelik.kz» сайтынан бақылап отыруға мүмкіндік бар екенін ұмытпаңыз.
Мектеп ұстаздары цифрлық сауат­тылығын дамыту үшін «Bilimland» сайты қажетті ресурспен қамтылған. Мұнда ұстаз бен оқушыға ең қажетті құралдар бар. Осы сайттан бала қосымша білімін арттыра алады.
«Bilimland» платформасы өзінің 40 мыңнан астам контентін тегін ұсынып, халықтың сұранысын қана­ғат­тандыруда.
Қашықтықтан оқытуды көпшілік онлайн-оқытумен шатастырып жүр. Қашықтық форматының ұғымы әлде­қайда ауқымды және бірден бірнеше әдістерді пайдалануға мүмкіндік бе­реді. Мұндай формат сабақты гейми­фикациялауға яғни, сабақты қызықты ету үшін ойын түрінде өткізуге, өзін-өзі ширау деңгейін арттыруға, ең бастысы, оқытуды дербестендіруге мүмкіндік береді. Бұл – ең қажетті, әрі тиімді оқы­ту жүйесі.

ТҮЙІН. Сын сағатта сабырлық пен сақтықты ұстанып, ел болашағы жас өрендердің күнделікті өмірін, ден­саулығын, сабағын қадағалау ата-ананың міндеті. Осыны ұмытпайық.


Мақпал МАРҚАБАЙ
07 сәуір 2020 ж. 604 0