№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қашықтан оқыту: облысында интернеті және ұялы байланысы жоқ 25 елді мекен сабақты қалай оқиды?

Қашықтан оқыту: облысында интернеті және ұялы байланысы жоқ 25 елді мекен сабақты қалай оқиды?

Қызылорда облысында интернеті және ұялы байланысы жоқ елді мекендердің саны 25-ті құрайды. Ондағы мектептерде 2 696 оқушы білім алады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.

«6 сәуірден бастап оқушылар 4-ші тоқсанды қашықтан оқыту форматында бастайды. Бұл бағытта өңірде тиісті дайындық жұмыстары жүргізілді. Облыс бойынша 293 мектепте 161 779 оқушы білім алады. Мектептердің 78% ауылда орналасқан. Барлық педагог саны – 21 705 мұғалім. Оқушылардың электронды құрылғылармен (компьютер, ноутбук, планшет, смартфон) қамтамасыз етілуіне және интернетке (ұялы байланыс операторлары арқылы мобильді интернет) қосылуларына мониторинг жүргізілді. Бірінші, электронды құрылғылар, атап айтқанда, компьютер, ноутбук, смартфон, планшет. Электронды құрылғылары жетіспейтн отбасыларына мектеп балансындағы компьютерлер уақытша пайдалануға берілді. Екінші, интернет немесе ұялы байланыс операторларына қосылған мобильді интернетке қол жетімділігі», – деді облыс әкімінің орынбасары.
Оның айтуынша, облысымызда қашықтан оқыту Білім және ғылым министрлігінің Нұсқаулығына сәйкес 4 тәсіл арқылы ұйымдастырылатын болады.
Атап айтқанда, бірінші тәсіл – «Бапапан» және «Еларна» телеарналары арқылы қазақ және орыс тілдерінде оқытылады.
«Бүгінгі күні білім министрлігі бейне сабақтар түсіріп дайындауда. Жалпы 3000 мыңнан аса сабақ көрсетіледі. Әр сабақтың ұзақтығы 10 минут. Арнайы сабақ кестесі әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат беттеріне жарияланады. Телеарналар арқылы оқыту форматына облыстағы 73 847 оқушы қамтылады. Бұл ретте айтып кетуіміз керек бейне сабақтарды барлық облыс оқушылары қосымша пайдалуға болады. Министрлік тарапынан телесабақтар интернетке жүктелетін болады», – деді Н. Сейітқалиұлы.
Ал, екінші тәсіл – «Қазақ» радиосы арқылы оқыту. Бұл бағытта бейне сабақтардың аудио нұсқалары таратылатын болады. Мұнда да балалар қосымша тыңдап, мағлұмат алады.
Үшінші тәсіл – интернет арқылы оқу. Бұл ретте мұғалім өзіне ыңғайлы интернет платформаларды пайдаланады.
«Мысалы, «Электронды күнделік»,«Дарын Онлайн», «Білімлэнд» интернет ресурстарында оқушылардың білім алуына қажетті контенттер жеткілікті. Онда бейне сабақтар, тестілеулер, әдістемелік нұсқамалар жүктелген. Пайдалану тегін. Бұл жерде мына мәселеге назар аударсақ, қашықтан оқыту дегенді онлайн оқыту деп шаттастырмауыз қажет», – деді спикер.
Облыс әкімінің орынбасары атап өткендей, қашықтан оқытуда мұғалім кері байланысты электронды почта, электронды күнделік, уатсап мессендежерін пайдаланады. Электронды күнделік журналын пайдалануға мүмкіндік болмаған жағдайда әр мұғалім қағаз түріндегі журналды қолданады.
Интернеті және ұялы байланысы жоқ елді мекендерде кері байланыс алдын ала дайындалған тапсырмалар үйлеріне санитарлық қауіпсіздік талаптары сақтала отырып жеткізілетін болады.
Облыста мұндай елді мекендер саны 25-ті құрайды. Ондағы мектептерде 2 696 оқушы білім алады екен.
«Қашықтан оқуды тиімді ұйымдастыру үшін оқушылар бекітілген кестеге қарап, телевизиядағы бейнесабақтарды уақытылы, мұқият тыңдап, тапсырмаларды орындауы қажет. Түсінбеген сұрақтарды Whats App арқылы немесе қоңырау шалу арқылы мұғалімнен сұрау керек. Ал, мұғалімдер оқушылардың уақытылы сабақты меңгеруі, телевизиядағы сабақты көре алуы, интернет-платформаға емін-еркін тіркеле алғанын бақылауы керек. Үй тапсырмасын орындауы, жаңа сабақты меңгергенін «Күнделік» жүйесімен, WhatsApp желісімен кері байланыс арқылы реттеп отыруы тиіс», – деп атап өтті брифингте Н. Байқадамов.
Оның айтуынша, ал, ата-налар баласының уақытылы сабақты орындауы, телевизиядағы сабақты кестеге сәйкес көргенін және интернетпен жұмыс істеуін бақылауға алса, мұғаліммен үнемі байланыста болса оқыту әлдеқайда жеңіл болады.
«Бұл ата-аналарды міндеттеу емес, баласы үшін осы жауапты сәтте ұстаздарға көмек беру деп түсінген дұрыс. Бұл кезең – өтпелі кезең. Қашықтан оқыту форматы елімізде бірінші рет қолданылып отыр. Әрине, түрлі ақаулар, түсінбеушіліктер болуы мүмкін. Қазірдің өзінде әлеуметтік желілерде сан түрлі пікірлер қалыптасуда. Қиындықтарға қарамастан біз үшін әр баланың білім алуы өте маңызды. Барлық ата-аналарды ұстаздармен бірлікте жұмыс жасауға қолдау көрсетуге шақырамын», – деді облыс әкімінің орынбасары.
Айта кетейік, кеше еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бірнеше себептерге байланысты Қазақстанда онлайн сабақ жүргізілмейтінін мәлімдеген болатын.
05 сәуір 2020 ж. 744 0