№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қашықтан оқытудың шебері

Қашықтан оқытудың шебері

   Талапты жастарды біліммен сусындатып, тәлімді тәрбие сіңіріп жүрген ұстаздар аз емес. №54 Ж.Қыдыров атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жанар Шынтемірованы сондай мұғалімдердің қатарына қосуға болады. Бай педагогикалық тәжірибесі бар, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін меңгерген ұстазбен байланысып, қашықтан оқытудың жөн-жобасын сұрадық.

  Кейіпкеріміз шәкірттеріне өзінің кіндік балаларынан көңіл бөлгендей мән береді. Тіпті шәкірттерінің есімін жиі айтады. Осыдан-ақ өз ісіне әбден берілгенін, саналы шәкірт тәрбиелеуге бар күш-жігерін, ынта-ықыласын бөлетінін білуге болады.
Ұстаз еңбегінің жемісі шәкірттерінің жеңісінен көрінеді. Жанар апай мұғалімдік жолында облыстық, республикалық деңгейдегі олимпиадаларға, ғылыми жобаларға білімпаздар дайындады, әрі шәкірттері жүлдесіз қайтқан емес.
Жоғары санатты ұстаз бағындырған барлық белесін атамасақ та соңғы үш жылдағы жетістігін атап өткен жөн. Ол білім беру саласына қосқан үлесі үшін Білім және ғылым министрінен «Құрмет» громатасын, жалпы орта білім беру саласында қашықтықтан оқытудың дәстүрлі интернет олимпиадасында «Құрмет» громатасын, «Жас талап» ғылыми жобасында «Мадақтама» және Елбасы Н.Назарбаевтың «Алғыс хатын» алды.
Жә, біз кейіпкер еткен ұстаздар өз саласының мықтылары болатыны белгілі ғой! Енді Жанар Шынтемірованың қашықтан оқыту технологиясына тоқ­талсақ.
– Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының міндеті – шәкіртке білім сапалы білім беру жұмыс­тарын ұйымдастыру, оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар дистанциялық оқыту кезінде білім беру процесі қызықты әрі тартымды болуы тиіс. Сонда ғана оқушының өз бетінше білім алуын шыңдауға септігі тиеді, – дейді кейіпкеріміз.
Ұзақ жылдық тәжірибесі бар ұстазға қашықтан білім үрдісін меңгеруде қиын болмайды. Ол бұған дейін республика көлемінде қашықтан оқытуға бай­ланысты өткен итернет олимпиадаға қатысып, үздіктердің қатарынан көрін­ген-ді.
– Қазақ тілі және әдебиеті сабағында жаңа технологияларды қолдана отырып оқушыларды жетелеу, еркін ойлауға дағдыландыру, функционалдық сауаттылығы мен логикалық қабілетін арттыруға мән беремін. Қашықтан оқытуда да оқушының осы қабілеттерін дамытуға күш саламын, – дейді ол.
Шығармашыл ұстаздан білім алған талай жас аудандық, облыстық шараларда топ жарып, ұстаздың біліктілігін байқатуда. «Алтын белгі» иегері және үздік оқушы Ұлпан Әбжапбар, Ақерке Болат, Ансаған Абылай, Сауле Рысбекова, Нұрайна Ақжігіт, Ақмарал Таңқашбек, Сәкен Парманқұл ұстаз үмітін ақтап, белсенділігін, білімділігін көрсетіп келеді.
Ұрпақ тәрбиелеу саласында өзіндік орнын қалыптастырып, жастарға үлгі болып жүрген ұстаздың еңбегін насихаттауға лайықты. Жолдасы Елдос Жаңабаев екеуі ұлын ұяға, қызын қияға қондырған аналық ақ арманы да орындалып, бүгінде немерелер ортасында бақытты ғұмыр кешуде.

Мақпал ПАТЕНОВА
19 сәуір 2020 ж. 952 0