№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кенеден сақ болыңыз!

Кенеден сақ болыңыз!


Конго-Қырым қанды безгегі – вирустық жұқпалы ауру. Ауруға негізінен ауылшаруашылық жұмыстарымен айналысатын адамдар көптеп шалдығады. Инфекция кене шаққан жерден басталады және сырқат адамның қаны тигенде жұғады.
Конго-Қырым қанды безгегін болдырмау мақсатында аймақтарда маусымдық кенеден заларсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

2019 жылы облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде тіркелген мәліметке сәйкес Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының қоздырғыштары болып табылатын кенелерден қолайсыз аймақ Жаңақорған ауданы бойынша 20 (Жаңақорған кенті, Аққұм, Сунақата, Кейден, Бірлік, Екпінді, Қосүйеңкі, Жайылма, Қожакент, Ақсуат, Келінтөбе, Қандөз, Көктөбе, Сүттіқұдық, Машбек, Төменарық, Әбдіғаппар, Жаңарық, Өзгент) елді мекен анықталған.
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу жұмыстарын, осы аталған елді мекендерде жүргізу мақсатында Қызылорда облыстық Жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев ауданымызға келіп, шаруашылық мамандарымен жиын өткізді. Барлық 20 елді мекендегі 164 527 мал басына (ірі қара 45 577, бас уақ мал 118 151, түйе 799) және жер көлемі 316 665 шаршы метрді құрайтын 7 697 қора мен аумағы 161 040 шаршы метр 267 суатта күзгі заларсыздандыру жұмыстары жүргізу жоспарланған.
Осы аймақтардағы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу «Сервис ДЕЗО» ЖШС жауапкершілігіне жүктелген. Екі кезең бойынша жүргізілетін залалсыздандыру жұмыстары 16 қыркүйек пен 15 қазан аралығында аяқталуы қажет.
Кенелер 15-25 градус жылулықта өсіп-өнеді. Мұндай температура көктем, жаз, күз мезгіліндерінде сақталады. Осы қолайлы кезде кене қорадағы жылқы, сиыр, қойға және басқа малдарға, тіпті адамға жабысқыш келеді. Олардың қанын әбден сорып жерге түскен аналық ылғалды жерде, үйдің, қораның іргесіне жұмыртқа салып көбейеді Адам ағзасына вирус енгеннен кейін аурудың жасырын белгісі 6-12 күннен кейін білінеді. Адамның дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, қан кетеді, бас және бұлшық еті ауырып, тері бөртпесі, тері арасында қанды сүйел пайда болады. Өлім жағдайы жоғары, өйткені вирусқа қарсы дәрі жоқ, емдеудің бірден-бір жолы КҚГҚ ауырған адамнан алынған қанның плазмасын құю.
Кене адамға жабысқан жағдайда дәрігерге көрінген жөн.

Майра Ғаниева
21 қыркүйек 2019 ж. 1 070 0