№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Коронавирустан сақтану жолы қандай?

Коронавирустан сақтану жолы қандай?

Дүйім дүниені дүрліктірген коронавирус «девальвация», «терроризм», «құс тұмауы», «шошқа тұмауы» деген сияқты сөздерден қорқынышты болып, ғалам тұрғындарын толғандырған өзекті мәселеге айналды. Індеттің қоздырғыш күші жай ғана вирус болғанымен, әсері адам өмірін жалмағандықтан қорқыныш күн санап үрей тудыруда. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені вирустың табиғатта кездесетін түрлері көп болғанымен, тап осы вирус түрін электронды микроскоппен ғана анықтауға болады екен. Сондықтан сақтану жолдарына аса мән беріп, өзімізді көпшілік ортадан оқшаулауға барынша тырысайық.
Covid-2019 атауымен белгілі бұл індет адам ағзасына әсер ете алатын «Коронавирус» қатарына жататын вирустың жетінші түрі. Яғни адам ағзасына тез бейімделіп кете алатын пандемияның алғашқы белгілері тыныс алу жолдарына әсер етсе, одан әрі ас қорыту, жүйке жүйесін зақымдайды.
Негізгі жұғу жолы ауадан, яғни адам түшкірсе не жөтелсе,сөйлегенде жұғады.  Індетпен ауырған адамда құрғақ жөтел пайда болады. Мұрыннан су ағады. Тамағы жыбырлайды. Температура 38 градустан жоғары болып, тыныс алу қиындап, ауа жетіспеушілігі сезіледі.Адамның көкірек тұсы мен басы ауырады. Денеде ауырсыну байқаладыд. Әлсіздік белең алып, өкпе ұлпаларының жұмысының бұзылуынан адам естен танып өліп кетуі де мүмкін. Бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мамандарының дабылды ескертуі.
Енді аталмыш індеттен қалай сақтануға болады? Соған тоқталсақ. Дана қазақ «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген. Ендеше дәл қазіргі уақытта ауырмаудың жалғыз жолы «ҮЙДЕ ОТЫРУ». Сондай-ақ ...
*Қолды кемінде әр жарты сағат сайын 20 секунд сабындап жуу. Ал микроптарды өлтіругеантисептиктің көмегі зор екенін де ескеріңіздер. Осы ретте медициналық спиртті де қолдануға болады. Егер оған аллергияңыз болса санитайзерді пайдаланыңыз.
*Түшкіргенде не жөтелгенде мұрын-аузыңызды қағаз майлықпен жауып, оны жабық контейнерге тастаңыз да қолыңызды жуыңыз.
*Қолыңызды көзіңізге, мұрныңызға, аузыңызға тигізбеңіз. Өйткені бұл мүшелер вирустың «кіріс қақпасы саналады».
*Жөтел, жоғары темпаратура болса адамдардан өзіңізді аулақ ұстаңыз.
*Адам көп жиналатын қоғамдық орындар мен той-томалаққа бармай, үйде отырғаныңыз өзіңізге жақсы.
*Адамдармен қол алыспай, жай ғана бас изеп амандассаңыз ол әдет өміріңіздің кепілі.
*Іссапардан бас тартытп, саяхатты шектеңіз.
*Үйдің терезесін жиі ашып, желдетіп тұрыңыз.
*Қоғамдық көлікті жиі пайдаланбаңыз.
*Қолма қол ақшадан бас тартып, төлемді банкомат арқылы жасасаңыз.
*Жануарлардан да аулақ жүріңіз
*Ет пен жұмыртқаны ұзақ уақыт қайнатып тұтыныңыз.
*Температура көтеріліп, жөтел қысып,тыныс алу қиындаса дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
*Иммунитетті нығай тып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз. Ақуыз бен дәруменге бай минералды заттарды мейлінше көбірек пайдаланыңыз.
* Ең бастысы көшеге шыға қалсаңыз басқаны ұмытсаңыз да, масканы ұмытпаңыз. Бұл да көмек құралы.

Осы сақтық шараларын ұстансаңыз біріншіден өзіңізді, екіншіден айналыңыздағы адамдарды жұқпалы вирустан сақтайсыз. Бұл қадамды ұлт мүддесіне қосқан үлесім деп ойлап, азаматтық парыз санасаңыз, қауіптің сәл де таралмауына септігіңіз тиетіні анық.
                                                                                                                              Дайындаған: Лаура БИБАСАРОВА

27 наурыз 2020 ж. 1 966 0